«ӨНЕР» бірлестігінің жетістіктері куантады

Бірлестік құрамында технология, музыка, сурет, дене тәрбиесі пәні мұғалімдері жұмыс жүргізеді. Педагог – зерттеуші – 1, педагог-сарапшы 1 , педагог-модератор –4. Санаты жоқ ұстаздар – 2.

Бірлестік мүшелері және оқушылар түрлі деңгейде ұйымдастырылатын іс- шараларға белсене араласады.

Елімізде орын алған пандемияға қарамастан оқушыларымыздың алған асулары мен жетістіктері ауыз толтырып айтуға тұрарлық.

Атап айтар болсақ, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Калиев Самат Каратаевичтің жетекшілік етуімен қазақтың ұлттық ойындарының бірі «Тоғызқұмалақ» ойыны бойынша жетістіктеріміз баршылық. Калалык жарыста Аружан Әділханкызы 1 орын,Дінмұхамед Михайличенко 2-3 орын және Бактияр Әділханұлы 2-3 орын иеленді. Орталық стадионында футболдан оқушылар арасында іріктеу турнирі өтті. Осы турнирде мектебіміздің футбол командасы 3 орынға ие болды.

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жалғасбеков Нұрхан Нұрланұлы бокстан оқушыларды жаттықтыруда. Нәтижесінде бокстан қалалық Ашык турнирінде Даулет Утельбаев, Мирас Кущанов, Әділет Кульчиков, Жарасхан Абдыкасымов, Нурмухаммед Гаппар 2 орынды иеленсе, Азамат Сапабек, Шынғыс Нысанбаев, Даниал Мусин сынды жас боксшыларымыз 3 орынмен марапатталды. Қостанай облысының бокстан ашық турнирінде Әділет Кульчиков 1 орын, Мирас Кущанов 2 орын, Азамат Сапабек, Жарасхан Абдыкасымов қола жүлдені қоржындарына байлап қайтты.

Облыстық ұлдар арасында өткен «Кубок НИШ» баскетбол жарысында мектеп командасы 2 орынды жеңіп алды. Осы ойында ерекше көзге түскен Тамирлан Нурсеитов «Победитель конкурса штрафных бросков» номинациясымен, ал Димаш Оспанов «Лучший центровой игрок» номинациясымен марапатталды. Қалалық қыздар және ұлдар арасында өткен баскетбол жарысында қыздар және ұлдар командасы жүлделі 2 орынмен марапатталды. Сондай – ақ «Үздік ойыншы» номинациясымен қыздар арасында Дилара Жакетова, ұлдар арасында Асхат Дүйсенәли марапатталды. Мектеп командасын қалалық баскетбол жарысына жоғары деңгейде дайындағаны үшін дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, баскетбол секциясының жетекшісі Мұхтар Жаканов мадақтамамен марапатталды.

Дильназ Калелова «Абай әлемі» республикалық жас суретшілер байқауында 1орын, «Daryn ecoart» суреттер мен қолөнер бұйымдары қалалық кезеңінде 1 орын бұйырса, облыстық кезеңінің қатысушысы болды.

Жоғарыда аты аталған оқушыларымыздың спорт пен өнер саласындағы жетістіктері Самат Калиев, Нұрхан Жалғасбеков, Мұхтар Жаканов, Айкенже Бисекенова мұғалімдердің есімдерімен тығыз байланысты.

Сонымен қатар, бірлестік мұғалімдері де өз жетістіктерімен қуантуда. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Калиев Самат Каратаевич облыстық деңгейде өткен «Панорама педагогических идей» 3 орын, «Үздік презентация» халыкаралык байкауында 1 орын. Халықаралык «Ыбырай оқулары» конференциясына катысты.

Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Айкенже Бисекенова Қостанай облысы бойынша көркем еңбек пәнінен (қыздар арасында) ұстаздар арасында олимпиадасында 3 орын, Республикалық «Көркем еңбек (қыз балаларға арналған)» Блиц турнирінде 1 орын, Республикалық «Ең үздік бейнелеу пәнінің мұғалімі» байқауына сабақ жоспарын жіберіп 2 орын, V «Үздік педагог – 2021» Республикалық кәсіби сайысына ұсынылған сабақ жоспары» 3 орынмен марапатталды. 

Музыка пәнінің мұғалімі Индира Мукашова халықаралық «Абай салған дара жол», «Жамбылдың әсем жырлары», «Абай, Мұқағали және Махамбет» оқулары конкурсында бас жүлдені иеленіп, облыстық «Абай әндері» вокал сайысында 3 орынға жетті.

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Мухтар Жаканов пән бойынша олимпиадаға қатысып жүлделі 1 және 3 орын мадақтамасымен марапаттталды. Халқымыздың «Шынықсаң – шымыр боласын», «Өнерлі өрге жүзеді»  демекші №15 жалпы білім беретін мектебіміздің ұстаздары мен оқушылары қай салада болмасын әлі де өздерінің жетістіктерімен бізді куантады деген сенімдеміз!

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *