Өмірге «иә» деп айт

Өмірге «иә» деп айт» Республикалық айлығының  және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мектебімізде «Би алаңы» атты   5-11 сынып аралығында би сайысы болып өтті. Бұл сайыс осымен мектебімізде 3 рет өтіп, мектебіміздің дәстүрлі іс– шарасына айналды. Бұл сайысты ұйымдастырудағы мақсат оқушыларды би өнеріне баули отырып, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру болып табылады.

Сайыс 2 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең командаларды таныстыру болса,екіншісі «Рухани жаңғыру» тақырыбындағы хареографиялық композиция көрсету болды.  Әр бір комнада өздерінің жас ерекшеліктеріне сай керемет өнер көрсетті. Бірі заманауи , бірі ұлттық нақышта би билеп көрерменді таң қалдырды. Бимен ғана шектеліп қоймай 7 «а» сыныбының командасы өздерін мюзикл қою арқылы таныстырып ерекшеленді. Әр команданың киген киімдері  көздің жауын аларлықтай, бірінен бірі асарлықтай тартымды болды.  Сайыс қорытындысы бойынша

Бас жүлдені 6 «а» сынып қыздары, І орынды «10» а сыныбы,ІІ орынды 11 «а» сыныбы,ІІІ орынды 5 «а» сыныбы иеленді. Барлық қатысушылар мақтау қағаздарымен және әр түрлі сыйлықтармен марапатталды.

Мектебіміздің дәстүріне арналған бұл сайыс әлі  талаай өнерпаздарымыздың бағын жағарына сенімдіміз.

Аға тәлімгер

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *