Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы.

Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы.

«Отбасында ,қоғамдық орындарда үлкендер мен балалар арасында сыйластық, махаббат пен  мейірімділік, шапағат шуағы мен ізгілік нұрына бөленуі тиіс.Өйткені біз баланы адал еңбек етіп,елін, халқын сүюге тәрбиелеп отырмыз.Сондықдан ұл-қызымызға көзбе-көз айтқан сөзіміз,берген тәрбиеміз жүректен жүрекке жетсе,қандай ғанибет!» – деп Сара Алпысқызы айтқандай өзін-өзі тану пәнінің мектеп өміріндегі орны ерекше. Дәл осындай серпінмен мектебімізде 03.02-12.02 күндері аралығында «Өзін-өзі тану : Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік өткізілді.Онкүндікке барлық мектеп оқушылары мен  ұстаздары  белсенділік  танытты. 3 ақпан күнінен бастау алған онкүндік  барысында оқушыларға арналған  сыныптан тыс іс-шаралар мен барлық сыныптарда «Балаға жүрек жылуы»  атты тақырыпта Сара  Назарбаеваға арналған тақырыптық  сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарында оқушыларға өзін-өзі тану бағдарламасының негізін қалаушы Сара Алпысқызы Назарбаеваның  өмір жолы мен  қызметі жайлы  мәліметтер айтылып, оқушылардың  адами құндылықтарын  арттыратын түрлі ойын-тренингтер өткізілді. Онкүндік жоспары бойынша әр күнге әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілген іс-шаралар өз деңгейінде өткізілді.Ұйымдастырылған іс-шаралар жайлы айта  кететін болсақ, ең алдымен қайырымдылық жолында мектебімізде «Мейірімді жүректер ынтымақтастығы» атты қайырымдылық марафоны 03-10 ақпан аралығында ұйымдастырылған болатын.

Қайырымдылық марафонына  мектебіміздің 1-11 сыныптардың  ата-аналары  атсалысып, балаларға қажетті заттар, оқу –құралдарымен ойыншықтар әкеліп тапсырды. Ата-аналардың  белсенділігінің арқасында балаларға қажетті заттар жиналып, қаламыздағы «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау» орталығына табысталды.

Орталықта балаларға тек сыйлық беріп қана қоймай, балаларды сергіту мақсатында ойын-тренингтер өткізіп, балалардың қуанышына бөлендік.

Мектеп ішінде оқушыларға арнап  өткізілген  іс-шараларға келетін болсақ. Мектебімізде онкүндік барысында оқушыларды тек рухани жағынан ғана емес, сондай-ақ физиологиялық жағынан арттыру мақсатында спорттық іс-шаралар ұйымдастырдық.

Бастауыш сыныптар арасында қазақтың ұлттық ойыны «Бес тас» ойының өткізіп, оқушылардың  ұлттық ойынға деген қызығушылықтарын арттыра алдық. Сонымен қатар жоғары сыныптар арасында баскетбол, футбол ойындары ұйымдастырылды.

Ойынға жоғары сынып оқушылары  ерекше белсенділікпен қатысып, спорттық іс-шара бойынша озып шыққан командалар анықталды.

Спорттық іс-шаралар бойынша жеңіске жеткен сыныптар, оқушылар  онкүндік жабылуында  марапатталды.

Онкүндіктің  ауқымы өнер саласында  да көрінді. Оқушылардың шығармашық қабілеттерін арттыру мақсатында әндер фестивальі мен көрініс сайысы  ұйымдастырылды. Бұл іс-шараларға  6-11 сынып оқушылары белсене қатысты.

 

Оқушылар  тек шығармашылық қабілеттерін арттырып қана қоймай,өз  өнерлерімен мектебімізді гүлдендіре түсті.Онкүндіктің әр күні әр түрлі іс-шараларға толы , қызықты өтті.12 ақпан  күні  сыныптарда өзін-өзі тану пәнінен «Сүйіспеншілік – өмір негізі» тақырыбында  ашық сабақтармен жалғасын тапты.Сонымен қатар онкүндік соңы  «Бәрі Сүйіспеншіліктен басталады»  атты концертімен қорытындыланып, онкүндік барысында  белсенділік танытып,үздік шыққан оқушылар марапатымен аяқталды.

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *