«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №15 орта мектебі» ММ 2017-2018 оқу жылындағы «Мектепке жол» акциясының өткізілуі туралы ақпарат

Қостанай қаласындағы №15 орта мектепте аз қамтылған санаты бойынша тізімде тұрған және бұл санатқа кірмеген оқушыларды жаңа 2017-2018 оқу жылына дайындау жұмысы жүргізілілуде. Бұл жұмыс «Қамқорлық», «Мектепке жол» акциясы аясында жүргізілді.

Акцияның басты мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды жаңа оқу жылына дайындау және олардың әлеуметтік себептермен мектепке бармауын болдырмау мақсатында қажетті көмек көрсету.

Осы мақсатта «Мектепке жол» акциясы бойынша күнкөрісі төмен, көпбалалы және тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан балаларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға және Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған балалардың өзге де санаттарына әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетіліп, мектеп формалары, оқу құралдары алынды.

Мектептің жалпы оқыту фондынан бұл қайырымдылық шарасына 170000 теңге қаржы қарастырылып, бөлінсе, мектеп әкімшілігінің тартуымен тартылған демеушілер «Метелица» сауда үйі, «Султан» сән үйі, жеке кәсіпкер Сагилина Анара Тлеубаевна және мектеп ұжымының көмегімен 141 000 теңге жиналып 34 балаға қажетті көмек көретілді. Бұл қаражаттан аз қамтылған отбасынан 6 оқушы мектеп формаларымен, спорттық киімдермен 4 оқушы қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, осы акциялар барысында мектепке қажетті құрал-жабдықтармен 28 оқушы қамтылды. Мектепте сенім поштасы орнатылды. Мектеп инспекторы, сынып жетекшілердің, әлеуметтік педагогтың қатысуымен мектепке тисілі аудандарда рейдтік жұмыстар жүргізілді. Рейд барысында қанғыбастықпен көзге түскен оқушылар және отбасының жағдайы өте нашар болып мектепке қайтарылған отбасы балалары кездеспеді.

 

Мектеп директоры:      Д.С. Сапанова

 Орын. Исмагулова Г.У.

8-707-665-65-88