Қашықтықтан ата-аналар жиналысы туралы акпарат

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №15 орта мектебі»ММ
Қашықтықтан ата-аналар жиналысы туралы акпарат

Қостанай қаласы №15 жалпы орта білім беретін мектебінде онлайн түрде 2020 жылдың 20 тамызында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.

 Ата-аналар жиналысының мақсаты:коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды (балалардың заңды өкілдерін) хабардар ету.

Тақырыбы: «Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы.

Біздің мектепте қашықтықтан оқыту қалай ұйымдастырылады?»

Күн тәртібінде:

  • Жаңа оқу жылындағы оқу форматтары (әр мектеп ата-аналарға осы мектепте оқитын форматы туралы хабарлайды)
  • Оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау
  • Қашықтан оқыту: баланың мінез-құлық ережелері және жұмыс орны
  • Қашықтан оқытуды жүзеге асыратын білім беру Интернет-платформасымен танысу (экранда көрсету)
  • Жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесі
  • Баланың оқу режимі және демалысы
  • Баланы өздігінен оқуға қалай ынталандыруға болады?
  • Балалардың интернеттегі жұмысын ата-аналардың бақылауы  ережелерімен танысу
  • Ата-аналар мен балалардың қарым-қатынас психологиясы
  •   «Ағымдығы мәселелер»

Жиналыс барысында сынып жетекшілер  презентация бойынша ата-аналарды жаңа оқу жылындағы дайындық форматымен, яғни санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты, коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатындаІ тоқсанда барлық сыныптар қашықтықтан оқыту жүзеге асырылғандығымен таныстырды.

  • Ата-аналарға санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң түрде сақтау, және балаларымен жүмыс жасау ұсынылды.
  • Баланың жұмыс орнын ұйымдастырудағы мінез-құлық ережелері мен ұсыныстар айтылды, балалардың оқу және демалу режимін ұйымдастыру талқыланды. Сонымен қатар баланы өз бетінше оқуға қалай ынталандыруға болатындығы туралы ұсыныстар айтылды.
  • Ата-аналарға қашықтықтан оқыту кезінде қолданылатын интернет-платформалармен, яғни Online Mektep, Bilim Land, Kundelik  таныстырылды және ата-аналар жаңа оқу жылында оқушылардың бағалау жүйесін көрді№
  • Ата-аналар балаларын Интернетте қауіпсіз жұмыс істеуге үйрететін ережелерді және ата-ана балалардың жұмысын бақылау ережелері туралы талқылады.
  • Ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынас психологиясы қарастырылды.

Әр сыныпта жиналыс сонында шешім қабылданды:

  • Санитарлық талаптарды сақтау.
  • Қашықтықтан оқыту кезінде оқушының жұмыс орнын және күн тәртібін ұйымдастыру.
  • Баламен бірге зерттеу және демалыс режимін жасау.
  • Балаларды өз бетінше оқуға ынталандыру.
  • Балаларға Интернетті қауіпсіз пайдалану ережелерін сақтау және естеріне салу.
  • Интернеттегі балалардың жұмысын ата-аналық бақылау ережелерін қолдану.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *