Хабарландыру

Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған пандемиия кезінде COVID-19 коронавирус дертінің (бұдан әрі – коронавирус дерті) таралуын алдын алу мақсатында, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 12 наурыздағы№ 20 қаулысы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 14 наурыздағы № 108 бұйрығы негізінде  «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ хабарлайды:

-қашықтық оқу кезінде халықты тиісті түрде хабардар ете отырып, азаматтардың жеке қабылдауларын өткізуді тоқтата тұру немесе оларды телекоммуникация (телефон байланысы) арқылы жүргізіледі. Бұл ретте, әлеуметтік желілерде, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында және блогтарда халықтың өтініштеріне жедел ден қою жөніндегі жұмыс күшейтілді. Күнкөрісі төмен, көпбалалы және тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан балаларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған балалардың өзге де санаттарына тегін ыстық тамақпен қамтылуы, әлеуметтік көмек пен қолдау  көрсетілуі бойынша қажетті құжаттар мектептің sch15@kst-goo.kz сайтына немесе WhatsApp (8778225339) жүйесіне сканерленген түрде қашықтық негізінде беріледі. Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама берілуі мемлекеттік көрсетілетін қызметі Госкорпорация электрондық үкімет негізінде тапсырылады

-білім беру ұйымдарының білім алушыларының, педагогтарының, басқа да қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылдың 6 сәуірі мен 22 мамыры аралығында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдары қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып, оқуға көшеді. Жоғарыда айтылғандарға байланысты жас ерекшеліктеріне сәйкес тегін ыстық тамақ алатын оқушылардың тізімі бекітілді (6 жас-222 тг, 11-14 жас-235 тг, 15-18 жас-257 тг). Білім беру мекеменің басшысы қамқорлық кеңеспен және тамақ жеткізушімен бірлесіп, бекітілген тізімге сәйкес ыстық тамақтың орнына  құрғақ азық үлестерін берілуі ұйымдастырылады. 6 сәуірден 10 сәуірге дейінгі мерзімде, а.ж. 4 мамырдан 7 мамырға дейінгі мерзімде алғаны туралы мәлімдеме белгісімен, құрғақ азық үлестерін үйге жеткізу ұйымдастырылады. Әлеуметтік қорғалмаған санаттардағы отбасыларға барған кезде жеке қорғану құралдары пайдаланады (маска, қолғап).

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *