Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау мақсатындағы өткізілген онкүндік

№15 орта мектебінде аталмыш бағытта жоспар бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды:

  • Құқықтық тәрбие беру, зорлық-зомбылықты және балаларға көрсетілетін қатыгездікті алдын алу айлығы;
  • «Бала құқығы-адам құқығы» онкүндігі;
  • «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясындағы іс-шаралар.

«Құқықтық тәрбие, балаларға қатысты қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың алдын алу» айлығы іс-шаралары жоспарланып өткізілді. Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысында «Балалар қауіпсіздігі, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында баяндама оқылды. Мектеп инспекторы Ж. Каукен 8-9 сынып оқушыларымен «Жаңа нұсқадағы ҚР-ның қылмыстық кодексі» тақырыбында, әлеуметтік педагог А. Ибрагимова 6-7 сынып оқушыларымен «Кәмелетке толмағандардың құқығы мен міндеттері» тақырыбында  әңгіме-кеңес өткізді. Ал 5-6 сынып оқушылары үшін «Балаға мейірімді Қазақстан» тақырыбында сурет байқауы және «Құқық дегеніміз не?» зияткерлік ойыны ұйымдастырылып, қорытындысы бойынша жеңімпаздар мадақтамалармен марапатталды. Сондай-ақ айлық аясында 1-11 сынып оқушылары үшін сынып жетекшілері «Отбасы құндылықтары» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді. 8-10 сынып оқушыларынан «Өз құқығыңды білесің бе?» сауалнамасы алынды. Айлық аясында «Сәтсіз» отбасыларды анықтау мақсатында рейд жүргізілді. Ата-аналарға «Үй-тұрмыс жағдайындағы зорлық-зомбылықты болдырмау» жадынамалары таратылды. «Дебат» үйірмесі мүшелерімен үйірме жетекшісі Б. Айту «Отбасы дағдарысы» тақырыбында дебат отырысын өткізді. 8-10 сынып оқушылары үшін С. Алшимбаева «Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын» шығарма сайысын ұйымдастырды.

  • 12.2019 күні мектеп психологы С.Тақыбай 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді;
  • 12.2018 күні мектеп психологы 8 сынып оқушыларына «Зорлық-зомбылыққа қалай қарсы тұру керек?» тренингін  өткізді;
  • ««Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» ҚР Заңы» тақырыбында ата-аналар мен педұжымға арналған құқықтық лектория болып өтті. «Сәтсіз» отбасылар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар отбасыларына, сенімхатпен, өгей әкемен тұратын отбасылардың тұратын үйіне барып, жадынамалар таратылды.

 

Мектеп психологы С. Тақыбайдың есебі: Зорлық-зомбылықтың алдын алу декадасы іс-шарасы аясында жасөспірмімдер арасындағы мазасыздық пен алаңдаушылық деңгейлерін анықтау мақсатында диагностикалар жүргізілді. Оның ішінде өгей әкемен тұратын оқушыларды қамту үшін диагностикалық жұмыстар 1-11 сынып оқушылары аралығында жүргізілді. Қолданылған диагностикалық әдістемелер оқушылырдың жас ерекшеліктеріне сай таңдалып алынды. Диагностикалық зерттеулердің нәтижесі бойынша зорлық-зомбылықтың құрбаны болған, мазасыздық мен алаңдаушылығы жоғары деңгейдегі оқушылар анықталмады. Өгей әкемен тұратын оқушылар арасында да бұл көрсеткіштер байқалмады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *