«Тағылымды кездесу»

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына қатысты қоғамға түсіндіру жұмыстары қолға алынды. Жуырда осы бағытта  №15 орта мектебінде «Қостанай облысының балалар қауымдастығы мен жастар ұйымдарының» ассоциациясының жүзеге асырып жатқан «Тобыл-Торғай мұрасы» жобасы аясындағы іс-шаралар туралы таныстыру мақсатында облыстың белгілі қоғамдық қайраткері, философия ғылымдарының кандидаты, профессор Жақып Қалқаман Хасенұлы ата-аналармен кездесті. Кездесу барысында аталмыш жобаның мақсаты, жоспарымен және қазіргі таңдағы атқарылып жатқан іс-шаралармен таныстырды. Сөзінің басын ұрпақ тәрбиесінен, инабаттылық пен әдепке қатысты қатынас нормасы сәлемдесуден, ана тілімізге деген жанашырлық сезімнен бастаған Жақып Қалқаман халықтың  рухани кодын сақтап, дамыта отырып ұлттық санамызды  жаңғыртуға шақырды. «Ата-аналар жиналысы» акциясы аясында өткен бұл шарада Жақып Қалқаман Хасенұлы Қостанайда бой көтерген Жәнібек Қошқарұлының ескерткіші, Аманкелді ауданына қарасты Тасты ауылының қырындағы, Жалдама-Арқалық тас жолының маңынан салынған Кейкі батыр кесенесі, т.б. өңірімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша іске асырылып жатқан бірегей елеулі істер туралы баяндай келе, көпшілікті туған өлкеміздің бай мұрасын бірлесе зерделеуге үгіттеді. Жақып Қалқаманұлы сөз арасында:

– Біз жоба жұмысын бастап жібердік. Бірнеше рет ата-аналар қауымымен, көпшілікпен кездесіп, Елбасы мақаласын насихаттай отырып, өңіріміздің тарихи, қасиетті орындарын дәріптеп жатырмыз. Тарихымызды білу, тарихи тұлғаларымыздың есімін дәріптеу және олардың мұрасын сақтау еліміздің абырой-беделін арттырып, ұлттық рухымызды өсіреді, – деп атап өтті.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *