Пешпен жылытатын жеке үйлерде тұратын отбасыларға рейдтік жұмыс жүргізу.

№15 жалпы білім беретін мектепте 2020-2021 о.ж. желтоқсан мен қаңтар айы  аралығында  пешпен жылытатын жеке үйлерде тұратын отбасылардың, үйлерінің жылыту құрылғысы пештің жағдайын анықтау, көміртегі тотығымен улану фактілерін болдырмау, балалалардың қайтыс болуын болдырмау мақсатында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін төтенше жағдай қызметкерлерімен бірге, көп балалы отбасылардың үйіне  рейдтік іс шаралар жүргізілді.

Жалпы пешпен жылытатын үйлері бар 50 отбасы оның ішінде 75 оқушы. Көп балалы отбасы 8, оның ішінде 18 оқушы; әлеуметтік осал отбасы 6, оның ішінде 13 оқушы; үйде оқытылатын отбасы 1, оның ішінде 1 оқушы; мүгедектік анықтамасы бар 2 отбасы, оның ішінде 4 оқушы.

Рейд барысында тұрғындарға жадынамалар мен нұсқаулықтар тапсырылды және пешті дұрыс пайдалану жөнінде түсіндірме жұмыстар жүргізілді. Төтенше жағдай қызметкерлері улы, табиғи газ, түтіннен болатын өрттің алдын алу мақсатында датчиктерді орнатып қойды. Датчиктерді орнатудың өзіндік оң әсері бар.
           Пешпен жылытатын үйлерге рейдтік жұмыс жүргізу барысында қиындықтар кездеспеді, бірақ кейбір отбасыларға мына төмендегідей ескертулер айтылды:

– пештің жанында отқа жанатын заттардың болмауы;

– пештің жарық, ашық жерлері болса уақытымен бітеп отыру;

– пешті үнемі күтіп ұстау. Үйлердің жылыту құрылғысының түрі темір және кірпіштен жасалынған пештер. Үйдің жылыту құрылғысы пештер көп үйлерде жеке бөлмеде тұр және пеш тұрған жерде терезе орналасқан. Әр үйге рейдтік жұмыс жасау барысында өрт қауіпсіздік ережелерімен таныстырылды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *