«Мектепте буллингке орын жоқ»

«Мектепте буллингке орын жоқ»

Bullying сөзі ағылшын тілінен аударғанда “қорқыту”, “кемсіту”, “мұқату” дегенді білдіреді. Буллинг – агрессия немесе күш көрсету арқылы адамның өзгені қорлауы, үстем екенін көрсетуі. Буллинг жасаушы мұны күшпен де, сөзбен кемсіту арқылы да жасайды, әрі бұл әрекетін жиі қайталауы мүмкін. Мектебіміздің жастар ұйымы «Мектепте буллингке орын жоқ» тақырыбымен мектеп оқушыларына жаднамалар таратты.

Буллингке мектепте ғана емес барлық жерде кездесуі мүмкін. ӨӨБҰ мүшелері мектебіміздің 1-11 сыныптар арасындағы оқушыларға буллингтің алдын алу мақсатында жаднамаларды таратып, Whatsapp желісінде өз ойларымен бөлісті. Мектебіміздің барлығы дерлік буллингке қарсы екендігін айтты.

ӨӨБҰ мүшелері: «Бұл кез келген адамның басында болатын жағдай. Бірақ есіңде болсын, ешкімнің сені ренжітуге немесе өзің жайлы жаман ойлауға мәжбүрлеуге құқығы жоқ».

«Жас Ұлан», «Жас Қыран»



Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *