Игілік іс жаса!

Дана халқымыз «Жылуы жоқ жүрек – құр кеуде», «Мейірім барда – мұңдық жоқ»,
«Жайылымы болмаса, мал азады, мейірімі болмаса, жан азады», – деп ұрпағын
қайырымдылық пен мейірімділікке тәрбиелеген. Айналадағы адамдарға деген мейірім мен қамқорлық адамгершілік пен имандылықтың өлшемі саналады. Жақсылыққа ұмтылған жан алдымен қайырымдылық жасайды.


Көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созу сауапты іс. Осыған орай “Қостанай
қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №15 орта мектебі” мемлекеттік мекемесінде «Отбасы –
бақыт мекені» атты апталығы өтті. Отбасы апталығын өткізудің басты мақсаты – отбасы
мәселесінің маңыздылығына, отбасы құндылығына және дәстүрлеріне қоғамның назарын аудару. Игілік іс жаса көмекке мұқтаж отбасыларға қол ұшын беру. Осы орайда жеке сот орындаушы палатасының қызметкері Шодоров Есімгелді Тайлақұлы өзінің көмек қолын созды. Көмекке мұқтаж 10 отбасыны азық-түлікпен қамтамасыз етті. Бір отбасыға шамамен 20000 теңге көлемінде көмек көрсетілді. Мектеп әкімшілігі атынан алғысымызды білдіреміз!

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *