Жолдауға қолдау

2018 жылдың 24 қаңтарында Қостанай қаласы №15 орта мектебінің мұғалімдер ұжымының отырысы болып өтті. Отырыста Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»» атты Қазақстан халқына Жолдауын қызу талқылап, бір сөзбен  қолдады. Ерекше назарға қойып, мұқият тыңдап, жақсылықтың жаршысы ретінде қабылдадық. Президенттің жыл сайынғы халыққа Жолдауы – еліміз үшін маңызды саяси оқиғалардың бірі. Соңғы Жолдаудың ерекшелігі сонда, ол бізге жаңа әлем – Төртінші өндірістік төңкеріс әлеміне бейімделуіміз үшін қандай шараларды жүзеге асыруымыз қажеттігін айқындап берді. Елбасымыздың Жолдауында елдің одан әрі дамуы үшін әбден ой талқысынан өтіп, уақыт тезімен түзелген нақты қадамдар ұсынылған. Жолдауда Мемлекет басшысы жүзеге асыруымыз үшін нақты 10 тапсырма   берді. Осы 10 нақты тапсырманы мектебіміздің бірқатар жас мамандары әрқайсысына жеке-жеке толық тоқталып, түсінік берді.Олар:
1. Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы          тиіс.
2. Ресурстық       әлеуетті      одан әрі     дамыту.
3. «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі.
4. Көлік-логистика       инфрақұрылымының тиімділігін арттыру.
5. Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу.
6.      Қаржы       секторын   «қайта        жаңғырту».
7.      Адами        капитал      –       жаңғыру    негізі.
8.      Тиімді        мемлекеттік         басқару.
9.      Жемқорлықпен   күрес          және заңның       үстемдігі.
10. «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін.

Бір қуантарлық жайт, осы жолдау арқылы Елбасы мұғалім мәртебесін көтеру ісіне баса назар аударды. Елдің тірегі болар, Мәңгілік елдің білімді азаматтарын тәрбиелеу ұстаздың қолында екенін Елбасы ешқашан назардан тыс қалдырмаған. Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетінің жоғарылауына оның материалдық жағдайы да әсер ететінін ескере отырып, жалақысын да 30-50% – ға жоғарылататыны әр мұғалімнің еңбекке деген құлшынысын арттырары сөзсіз.

Болашаққа нақты мақсат қойып, оған нық қадам жасағанда ғана ел болашағы жарқын, ел мерейі үстем болмақ. Елбасының биылғы жолдауы әр қазақстандықтың ертеңге деген сенімін оятып, ұлттық мүдде үшін күш-жігері мен зияткерлік ой еңбегін аямайтынына сенеміз.

Қостанай қаласы

№15 орта мектеп

Гульбану Конарбаева

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *