«Жақсы істерді бірге жасайық»

Әрбір жаңа істің басы-қасында жас ұрпақтық жүретіні айдан анық, сол үшін де халқымыз «Асыл тастан, ақыл жастан» деп, жастардың қоғам дамуындағы рөліне ерекше мән берген.Міне осындай жастарымыздың бастауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында  ақпанның  1 күні мектебіміздің төрінде көмекке  мұқтаж балаларға арналған қайырымдылық концерті өтті. Концертке «Жас ұлан» балалар және жасөспірімдер ұйымының мүшелері белсене қатысты. Таңның атысымен басталған қайырымдылық жәрмеңкесінің жалғасы міне осы концерт болды. Концертке мектебіміздің оқушылары балалар үйіне апаратын кеңсе тауарлары, кітаптар, киім- кешек сынды заттар әкелді. Ал жәрмеңкеден түскен қаражат 76000 тг құрады.Мұның барлығы қаламыздың  көмекке мұқтаж балаларына арналмақ. Айта кетсек бұл бірінші рет өтіліп жатқан акция емес. Былтырғы жылдың қазанында «Жас ұлан» балалар ұйымының бастауымен «Алақандағы өмір» атты қайырымдылық жәрмеңкесі өткен болатын. Ол жәрмеңкеден түскен қаражат қалалық «Жизнь на ладони» жобасының қамқорындағы балалардың еміне аударылды. Мектебіміздің осындай  жиі өтіп тұратын акциялары жайлы біздің жас жеткіншектеріміз және осы қайырымдылық акциясын ұйымдастырушылар Қостанай қаласының «Қазақстан – Қостанай» телеарнасының, «Тобыл таңы» бағдарламасына барып сыр шертті.

                           Каршалова Эльмира Ғаниқызы

№15 орта мектебінің аға тәлімгері

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *