Жақсылық жасауға асығайық

«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» – деген екен дана халық. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. Осы орайда Қостанай қаласындағы №15 орта мектептегі «Мектепке жол» акциясының өтілуі жайлы айтып кеткім келеді.  Білім ордасының ашылғанына 3 жыл толар толмас болсада, осы аталмышты игі іске жанұшыра атсалысуда. «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы бұл мектепте үш жылдан бері өз жалғасын тауып келеді. Акцияның басты мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды жаңа оқу жылына дайындау және олардың әлеуметтік себептермен мектепке бармауын болдырмау мақсатында қажетті көмек көрсету.

Осы мақсатта «Мектепке жол» акциясы бойынша күнкөрісі төмен, көпбалалы және тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан балаларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға және Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған балалардың өзге де санаттарына әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетіліп, мектеп формалары, оқу құралдары алынды.

Мектептің жалпы оқыту фондынан бұл қайырымдылық шарасына 170000 теңге қаржы қарастырылып, бөлінсе, мектеп әкімшілігінің тартуымен тартылған демеушілер «Метелица» сауда үйі, «Султан» сән үйі, жеке кәсіпкер Сагилина Анара Тлеубаевна және мектеп ұжымының көмегімен 141 000 теңге жиналып 34 балаға қажетті көмек көретілді. Бұл қаражаттан аз қамтылған отбасынан 6 оқушы мектеп формаларымен, спорттық киімдермен 4 оқушы қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, осы акциялар барысында мектепке қажетті құрал-жабдықтармен 28 оқушы қамтылды. Мектепте сенім поштасы орнатылды. Әлеуметтік педагог, мектеп инспекторы, сынып жетекшілердің қатысуымен мектепке тисілі аудандарда рейдтік жұмыстар жүргізілді. Рейд барысында қанғыбастықпен көзге түскен оқушылар және отбасының жағдайы өте нашар болып мектепке қайтарылған отбасы балалары     кездеспеді.
«Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без»,- дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерімізді танытудан әмәндә қажымайық дей отыра, №15 орта мектептің әкімшілігі атынан осы шараға атсалысқан барша жамағатқа алғысымызды білдіремін. «Көп түкірсе көл» деген!

 

№15 орта мектептің әлеуметтік педагогы Исмагулова Гульнур Ундосыновна.