“Жасөспірімдер ортасында психобелсенді заттарды қолданудың алдын алу”

2021 жылдың 19 ақпан күні 5-11 сынып оқушыларымен “Жасөспірімдер ортасында психобелсенді заттарды қолданудың алдын алу” тақырыбында қашықтық режимде кездесу өтті. Кездесуге мектеп педагог- психологтары қатысты.

Бұл онлайн-кездесудің мақсаты:

Психобелсенді заттар мәселесі бойынша білім алушыларды ақпараттандыру; Психобелсенді заттар қолдану себептері мен салдары, мінез-құлықтың ықтимал стратегиялары туралы сенімді ақпарат беру. Білім алушыларға тақырып бойынша бейне ролик көрсетіліп, қойылған сұрақтарына жауап берілді. Бүгінгі кездесу жастарға қоршаған орта мен денсаулықтарын күтіп, терең білім алып, саналы азамат болуға ұмтылуға ой тастады.

“Уа халқым, назар аудар денсаулыққа
Өмірде бақыттысың денің сауда.
“Денсаулық – терең бақыт” деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.

Денің сауда күштісің бұл әлемде
Денің сауда сұлусың жер бетінде.
Сол мықты денсаулықтың арқасында
Жеңерсің ауыр заман тәлкегін де.

Денің сауда жетерсің арманыңа
Жоспарлап алға қойған мақсатыңа
Денің сауда көрерсің бұл дүниенің
Бар қызық, рахатын, жарығын да.

Денсаулық – шексіз бақыт халқым менің
Сондықтан көңіл аудар денсаулыққа.

Қолда барда біл оның қасиетін
Күтіп, баптап аяла әр уақытта.” деген өлеңмен бүгінгі күнді қорытындылағымыз келіп отыр.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *