«Жалпыадамзаттық құндылықтар-отбасы тәрбиесінің негізі»

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №15 орта мектебі» ММ-де Жалпыадамзаттық құндылықтар күніне орай жұмыстар атқарылды. 1-11 сыныптарда «Сүйіспеншілік – адамның басты қасиеті, ақиқат-оның негізі, дұрыс әрекет-оның шынайы өмірі» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Тақырыпқа байланысты 1-4 сынып оқушыларына сурет байқауы ұйымдастырылды. Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Ж. Сәкенова «Жүрек қуанышы» атты оқушылардың шығармашылық жұмыстарының көрмесін көпшілік назарына ұсынды. Мектеп кітапханашысы К. Шаяхметова мектеп оқушыларына арнап аламгершілік-рухани тәрбиеге арналған кітаптар көрмесін рәсімдеді. Мұғалімдер үшін «Жалпыадамзаттық құндылықтар – тұлғаны адамгершілік-рухани тәрбиелеудің негізі» семинары, ата-аналар үшін «Жалпыадамзаттық құндылықтар-отбасы тәрбиесінің негізі» тақырыбында дәріс өткізілді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *