«Денсаулық» күні республикалық акциясы

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №15 орта мектебі» ММ-де
«Денсаулық» күні республикалық акциясын өткізу туралы ақпарат

2020 жылдың қыркүйек айының бірінші сенбісінде, яғни 5-ші қыркүйекте «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің  №15 орта мектебі» ММ-де  «Денсаулық фестивалі» болып өтті. «Біз-салауатты  өмір салты үшін» ұранымен әлемде болып жатқан пандемияға байланысты іс-шара қашықтықтан өткізілді. Фестиваль инстаграм әлеуметтік желісінде челлендж түрінде ұйымдастырылды. Оқушылар дене шынықтыруға арналған іс-қимылдар жасап бейнеролик түсіріп бір біріне таратты.

Іс-шараға 1-11 сыныптар аралығындағы оқушылар белсене ат салысты.

Бұл фестивальдің мақсаты: оқушылардың салауатты өмір салтына деген қажеттілігін қалыптастыру.

Міндеттері:

– оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу үшін жағымды көңіл-күй мен қолайлы жағдай жасау;

– оқушылардың дене жаттығуларымен өз бетінше айналысуға ынталандыру.

– оқушыларды әртүрлі спорт түрлерімен айналысуға тарту;

         Видеоға қойылған талаптар:

  • Сынып оқушыларының басым көпшілігінің қамтылуы;
  • ойдың өзіндік ерекшелігі;
  • жағымды эстетикалық көрінісіне мән берілді.

Челлендж соңында әділ – қазылар ең үздік бейнероликтерді  анықтап, жүлделі орындарды жариялады. Әділ қазылар алқасы: ДТІЖО Есбатыров М.З, аға тәлімгер Бисекенова А.С., дене шынықтыру пәні мұғалімі Калиев С.К.

Нәтижесінде:

Бастауыш сыныптар арасында:

Гран при: 1Б сыныбы

1 орын: 1Ә сыныбы

2 орын: 2В сыныбы

3 орын: 1А сыныбы

Жоғары сыныптар арасында:

Гран при: 9Ә сыныбы

1 орын: 10 А, 8 Ә сыныптары

2 орын: 8 А, 6 Ә сыныптары

3 орын: 5 А, 6 Б, 7 Ә сыныптары



Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *