«Дара жол»

Қостанай қаласы №15 орта мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуына бағытталған іс-шаралар жоспарға сәйкес жалғасын табуда.  2019 жылдың 18 қаңтары 10 «А» сыныбы үшін өте маңызды күн болды. Себебі бүгін олар мектебіміздің ең керемет ұстазы, ұстаздық жолына барлық өмірін, қажыр қайратын арнаған  40 жылдық еңбек өтілі бар, өз ісінің маманы, математика пәнінің мұғалімі Нок Гүлжауһар Нағашыбайқызымен кездесті. «Дара жол» бағдарламасының желісімен өткен бұл кездесу алдын ала Гүлжауһар Нағашыбайқызына ескертілмегендіктен ол кісі үшін тосын сый болды.

Кездесу барысында оқушыларымыз Гүлжауһар Нағашыбайқызына арнап жасаған бейнебаяндарын көрсетіп, ұстазымызды тағы да қуанышқа бөлей білді. Келесі кезекте оқушыларымыз аяулы ұстазға арнап дайындаған сұрақтарын қоя бастады. «Еңбек жолын қайда бастадыңыз? Қандай оқу орнын бітірдіңіз? Мектептегі ең сүйікті сыныбыңыз? Ең сүйікті оқушыларыңыз кім?» деген сұрақтарына керекті жауаптарын алды. Кейбір оқушылар апайдың өздеріне қайта сабақ бергендігін қалайтынын да айтып жатты.

    Кездесуіміздің соңында оқушылар өздерінің ыстық тілектерін, жылы лебіздерін білдірді. Гүлжауһар Нағашыбайқызы кездесуді ұйымдастырған жас маман тарих пәнінің мұғалімі Айту Бексұлтанға да табыс тіледі. Кездесу соңында мектебіміздің аңызына айналған мұғалімімізбен естелік суреттерге түсіп тарадық.

Бұл кездесу арқылы оқушылар үлкенге құрмет жасауды және өз мамандығын сүйген жандардың керемет табыстарын көре алды деп санаймыз.

Мектеп әкімшілігі.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *