Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына арналған кеңестер

 

Егер сіз баланың бойынан бейімделудің төмен деңгейі белгілерін байқасаңыз, балаға да, сізге көмек керек екенін білгеніңіз дұрыс! Көмек сұраудан ұялмаңыз! Мұғалімдер мен психологтардың сізге көмектесе алатынына сенімді болыңыздар!

Бастауыш мектептің негізгі міндеті – баланың бастапқы жеке басын қалыптастырудың қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту. Баланың бастапқы жеке басын қалыптастыру үшін біз ең алдымен балаларды мектепке бейімдеуіміз қажет. Мектепке бейімделу кез-келген мектеп жасындағылар үшін өзекті мәселе болып табылады, ал бастауыш сынып оқушылары үшін ерекше маңызды. Себебі, баланың бастапқы іс-әрекетінің түрі өзгереді, бала тап болған әлеуметтік тап өзгереді. Бала тек қана сыныбына ғана емес, жалпы мектебіне, мұғаліміне, сондай-ақ мұғалімнің өзі жаңа оқушыларына бейімделуіне тура келеді.

Баланың оқу процесіне, мектепке бейімделуі 2-3 аптадан алты айға дейін созылуы мүмкін. Бұл көптеген факторларға байланысты: баланың индивидуалдық ерекшеліктері; басқалармен қарым-қатынасындағы ерекшеліктері; оқу орнының типі және баланың мектеп өміріне дайындығының деңгейі. Бұл жерде балаға ересектердің, яғни ата-анасының қолдауы қажет.

 

АТА – АНАЛАРҒА ҰСЫНЫСТАР:
1. Баланы жайлап оятыңыз: оянғанда ол сіздің күлімдегеніңізді көріп, еркелеткен дауысыңызды естісін. Таң атпай оны ұсақ – түйекпен асықтырмаңыз, кеше ескерткен болсаңыз да, қателіктері мен жаңсақтықтары үшін кінәламаңыз.
2. Баланы мектепке таңғы ассыз жібермеңіз: мектептегі тамақтануға дейін оған көп жұмыс істеу керек болады.
3. Қоштасарда ескерту, ақыл айтыңыз: тентек болма, өзіңді жақсы ұста, бүгін жаман бағалар болмасын және т. б. Балаға сәттілік тілеңіз.
4. БҮГІН ҚАНДАЙ  БАҒА АЛДЫҢ?  деген сөзді ұмытыңыз. Мектептен кейін баланы байыпты қарсы алыңыз, оған көп сұрақтар қоймаңыз, босаңсуға мүмкіндік беріңіз.
5. Егер балаңыздың ренжулі, бірақ үндемейтінін байқасаңыз, сұрап қинамаңыз, саябырланған соң өзі айтады.
6. Мұғалімнің ескертуін ести сала, ұрсысуға асықпаңыз, мұғаліммен баланың қатысуынсыз сөйлесуге тырысыңыз.
7. Мектептен келе балаға сабақ орындауға асықтырмаңыз, күш жинауға 2 – 3 сағат қажет (1 сыныпта 1, 5 сағат ұйықтап алғаны жақсы). Сабақ дайындауға тиімді уақыт – 15 – 17 сағат аралығында.
8. Бір отырғаннан барлық сабақты орындатпаңыз, 15 – 20 минут сабақтан кейін 10 – 15 минут үзіліс қажет.
9. Сабақ орындағанда үстінен төніп тұрмаңыз, өзіне жұмыс істеуге мүмкіндік беріңіз, бірақ сіздің көмегіңіз керек болғанда сабырлық сақтаңыз. Байыпты сөйлеп, қолдау, мақтау қажет.
10. Баланың бас ауруына, шаршауына, көңіл – күйінің нашарлауына шағымданса, назар салыңыз. Бұл көбінде қажудың, сабақтағы қиналудың басты көрсеткіштері болады.