Балаға отбасын сыйла!

Бүгін біз сіздерге баланы отбасына орналастырудың бірнеше формалары бар екенін айтып өтеміз, олардың бірі- бала қонақтайтын отбасы болып табылады.
           Бала қонақтайтын отбасы – баланы отбасына уақытша беру болып табылады. Оны басқаша тәлімгерлік көмек көрсету деп атауға болады, (балаға отбасында тұрақты тұруын рәсімдемей-ақ көмек көрсету). Демалыс, мереке күндері бала тәлімгердің отбасымен қатынасып тұрады және тәлімгердің үйінде уақытша тұрады. Қонақ отбасында бала уақытының бір бөлігін ғана өткізеді. Болашақ қамқоршылар немесе асырап алушы ата-аналар баламен жақсы танысқысы келсе, олардың қарым-қатынасы қалай дамитынын түсінгісі келсе, бұл форма көбінесе өтпелі форма ретінде қолданады.
            Жоғарыда көрсетілген Ереженің 5-тармағына сәйкес, бала қонақтайтын отбасына жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге, қабылдауға тілек білдірген адамдарды, республикалық деректер банкінде тіркеген жағдайда ғана және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтарының отбасыларына беріледі.
             Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін бала қонақтайтын отбасында болу мерзімдерін, аудандардың жергілікті атқарушы органдары айқындайды, бірақ сол отбасында бір айдан аспайтынын ескеру маңызды.
Баланы қонақтайтын отбасынан тұрақты отбасына орналастыру үшін (қорғаншылық, патронат, баланы қабылдайтын отбасы) одан әрі ресімдеу үшін, баланы қабылдайтын ата-аналар мектебінен өту қажет.
Асырап алушы ата-аналар мектебінің телефон нөмірлері
-Рудный балалар үйі – 8 707 670 61 89 – Оксана Викторовна;
-Аналар үйі– 8 777 310 98 84;
-Рудный түзету мектебі 8 747 909 24 75- Ирина Викторовна;
-«Жанұя» отбасы үлгісіндегі балалар ауылы- 56 94 60; 39-25 85;
-«Синерджи» қоғамдық бірлестігі – 8 705 915 11 57- Руслана Витальевна;
​Мемлекеттік мекемеден балаларды өз отбасына қабылдауға тілек білдірушілерге Қостанай қаласының білім бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық органына Қостанай қ., Байтұрсынов к-сі, 67-үй, каб.115, 8 (7142) 54 52 28, 8(7142)549666.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *