«Алтын күз»

Алтын күз келді. Жерге сары  кілем төсеп қойғандай жұп – жұмсақ болып тұр. Күз мезгілін «Алтын күз» деп айтатын себеміз айналаның  бәрі сары түске боялып, шағын орта тобымызға да алтын күз мерекесі келіп жетті.

Қостанай қаласы №15 орта мектебінде «Арман» және «Күншуақ» шағын орта топтарында «Алтын күз»атты  мерекелік іс-шара өтті. Ертеңгіліктің  мақсаты – бүлдіршіндерді жыл мезгілімен таныстыру, жеміс – жидек, көкеністердің түрлері мен  пайдасына тоқтала кету.

Мерекеге Күз ханшайымы қонаққа келіп өзінің тапсырмаларын балаларға жасырды.Бүлдіршіндер өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би билеп, күз жайында мақал –мәтел, жұмбақтарын шешіп, білімдерін паш етті. Балалардың жемістен жасалған киімдері көздің жауын алып, іс – шараның көркін одан сайын  жандандыра түскендей. Біздің ертеңгілік балаларға күздің берекесі мен мерекесін ұғындыруды көздеді.                                                                                                           

                                                              

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *