«Tıkelei» жүргізушілер және «Ана тілі аруы» қалалық конкурсы

2020 жылдың 12-28 қазан аралығында «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің балалар шығармашылығы мектебі» КММ жұмыс жоспарына сәйкес шығармашыл жастарды ашу және дамыту, жүргізуші мамандығын насихаттау және сөйлеу мәдениетін дамыту мақсатында Қостанай қаласының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында «Тikeleί» қалалық қашықтық байқауын өткізді. Біздің білім ордасынан «Жас Ұлан» жастар ұйымының белсендісі, орынбасары Утегенова Мерей қатысып, 2-орын жеңімпазы атанды.

Сонымен қатар 2020 жылдың 12-15 қазан аралығында жоғарыда айтылған ұйымның жоспарына сәйкес мемлекеттік тілді білу және меңгеру мақсатында «Ана тілі Аруы – 2020» интернет байқауын өткізді. Бұл байқауға да 10 сынып оқушысы Утегенова Мерей қатысып, 2-орынға ие болды.

Сондай-ақ оқыңыз:

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *