5-7 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жадынама

Оқушылар өміріндегі ең күрделі кезеңдердің бірі- бастауыш сыныптан негізгі мектепке өту кезеңі. Біріншіден бастауыш сыныпта бірнеше жыл бойы бір мұғалімнен ғана білім алып, қалыптасып қалған оқушыларға бұл кезеңге психологиялық жағынан өту қиындық туғызса, екінші жағынан оқу бағдарламасына жаңа пәндердің енгізілуі және әр пәннің жеке бөлмелерде өтілуі де оқушыларға зор әсер етеді.

5 – 7 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫНА ПСИХОЛОГТЫҢ ҰСЫНЫСЫ

  1. Жағдайлардың болатындығы туралы айтыңыз.
  2. Шыдамды болыңыз. Баланың жаңаны меңгеруіне уақыт беріңіз.
  3. Жағымдылықты қолдаңыз. Баланы қорқытпаңыз. Өзін дұрыс ұстаса қандай жақсы Өзіңіз емес, балаңыздың жасағысы келетін істерге көбіне жол беріңіз. Оны мәжбүрлеу арқылы балада теріс мінездің қалыптасуына жол бересіз.
  4. Өзіңіздің талаптарыңыздан демалуға мүмкіндік беріңіз.
  5. Баланы жетістіктері үшін мақтаңыз. Бала жетістікке жеткенде сіздің қолдауыңызды сезінуі тиіс.
  6. Балаға еңбекқор, батыл, ақылды, тапқыр, ұқыпты, сүйікті, керекті дегендей сөздерді жиі айтыңыз.
  7. Үй жұмыстарында өз бетіншілік танытуға, міндетті жұмыстарды жүктеңіз. Ол жұмыстардың орындалуына үлкендерге қойылған талаптарды қойыңыз.
  8. Бала бойында  сенімділікті орнатыңыз: мысалы: «Мен-ақылдымын», «Мен- батылмын», «менің қолымнан бәрі келеді».
  9. Өз балаңызға сеніңіз. Сіздің сеніміңіз баланың жағымды істерін жүзеге асыруға көмектеседі.
  10. Баланы жақсы көріңіз! Баланың ата-анасы емес досы болуға тырысыңыз.
  11. Баланы құшақтап, мақтауды ұмытпаңыз!
  12. Баланың оқуына, тәрбиеленуіне баланың белсенділігінің артуына тек мектеп тәрбиесі мен оқуының арқасында қол жеткізуге болатынын түсініңіз.
  13. Мұғалім-сіздің отбасыңыздың досы.
  14. Міндетті түрде ата- аналар жиналысынан қалмай,баланың сабағын үлгерімін қадағалаңыз.
  15.  Балаңыздың күнделікті оқуындағы табысымен ой бөлісіңіз: Бүгін қандай жаңа ұғым алды , нені үйренді?
  16. Тек бағамен шектелмеңіз.
  17. Баланың күнделікті үй тапсырма орындауын қадағалаңыз, егер бала қиналатын болса көмектесіңіз, керісінше орындап беруге үйретпеңіз.
  18. Балаңыздың көңіл – күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.
  19. Егер балаңыз айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесіңіз.