2018 жылдың 5 наурызында №15 орта мектебінде ұжым арасында оқушылардың оқу процессіне бейімделуі бойынша қорытынды педконсиллиум өтті

Қатысушылар: мектеп ұжымы.

Күн тәртібінде:

1) МДС, 1, 5 және 10 сынып оқушыларының психологиялық жағынан бейімделу мониторингі

(жауапты: педагог-психолог Дуйсенбаева К.А.);

2) МДС «А», МДС «Ә» оқушыларының бейімделуі (отбасыларының әлеуметтік құрамы, сынып мінездемесі)

(жауапты: тәрбиешілер С.Нургалиева, Алгашбаева М.Б.);

3) 1 «А»,1 «Ә» сынып оқушыларының бейімделуі (отбасыларының әлеуметтік құрамы, сынып мінездемесі)

(жауапты: сынып жетекшілері Майшина А.К., Омарова Л.А., пән мұғалімдері);

4) 5 «А», 5 «Ә» оқушыларының бейімделуі (отбасыларының әлеуметтік құрамы, сынып мінездемесі)

(жауапты: сынып жетекшілер Боранбайқызы Д., Нысанбаева А.Б.);

5) 10 «А» сынып оқушыларының бейімделуі (отбасыларының әлеуметтік құрамы, сынып мінездемесі)

(жауапты: сынып жетекшісі Кожагалиева Б.З. және пән мұғалімдері).

Тыңдалды:

  • сұрақ бойынша мектептің педагог-психологы Дуйсенбаева К.А. МДС, 1, 5 және 10 сынып оқушыларының оқу процессіне психологиялық жағынан бейімделуі туралы слайд түрінде ақпарат берді. Ақпаратта жүргізілген әдістемелер мен тестердің нәтижелері диаграмма түрінде жасалынды. Баяндаманың соңында қорытындылары мен ұсыныстар берді.
  • сұрақ бойынша МДС «А», МДС «Ә» топтарының тәрбиешілері өз топтары жайлы толық мінездемесін баяндады. Бейімделудің кемшіліктері мен себептерін түсіндірді. Екінші жартыжылдықта жүргізілген жұмыстар жайлы анықтама тапсырылды. Өздерінің топтарында қиыншылықтары бар оқшыларды атап, ұсыныс берді.
  • сұрақ бойынша 1 «А», 1 «Ә» сынып жетекшілері өз сыныптары жайлы толық ақпарат берді. Екінші жартыжылдық бойынша оқушыларының оқу үлгірімі, қабілеттері, тәртіптері жайлы айтты. Оқу процесіне бейімделудің кемшіліктері мен себептерін түсіндірді. Ұсыныстар айтты.
  • Сұрақ бойынша 5 «А», 5 «Ә» сынып оқушылары туралы сынып жетекшілер толық мінездемесін баяндады. Бейімделудің кемшіліктері мен себептерін түсіндірді. Екінші жартжылдықта жүргізілген жұмыстары жайлы анықтама тапсырды.
  • Сұрақ бойынша 10 «А» сынып жетекшісі өз сыныбы жайлы екінші жартыжылдық бойынша толық ақпарат берді. Оқушыларының оқу үлгірімі, қабілеттері, тәртіптері жайлы айтты. Сынып лидерлері мен оқуға ынтасы төмен оқушылар тралы толық ақпарат берді.

 Шешімі:

  • Оқушылардың оқу процессіне бейімделуіне арналған жұмыстарды жыл бойы жалғастыру;

(жауапты: ДОІЖ орынбасары Бекбулатова А.Б., ДТЖ орынбасары Қойтбаева З.А. және педагог-психолог Дуйсенбаева К.А.);

  • Тәрбиешілер мен сынып жетекшілері сынып сағаттарында тәрбие жұмыстары арқылы оқушылардың мотивацияларын, сынып сағаттарында оқушылардың белсенділіктерін, лидерлікті анықтау, ұжымды біріктіруін арттыру үшін тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру;

(жауапты: тәрбиешілер мен сынып жетекшілері, жыл бойы);

  • Сынып жетекшілер мен пән мұғалімдеріне оқушылардың бейімделуіне көмек көрсетіп, ата-аналармен тығыз қарым-қатынас жасау, жеке кеңес беру;

(жауапты: педагог-психолог Дуйсенбаева К.А., үнемі);

  • Бейімделуде қиындықтары бар оқушыларды тренингтер арқылы талаптандыру;

(жауапты: педагог-психолог Дуйсенбаева К.А., үнемі);

Сондай-ақ оқыңыз:

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *