Құрметті ата-аналар!
Психологиялық қолдау– балаңыздың ҰБТ-ны сәтті тапсыруының бірден-бір маңызды факторы. Баланы қалай қолдау керек?
– Оның күшті жақтарына сүйеніңіз.
– Балаңыздың нашар жақтарын бетіне басудан аулақ болыңыз.
– Үйде достық жағдай қалыптастырыңыз.
– Үйде сабақ қарауға ыңғайлы орын дайындаңыз.
– Пән бойынша әртүрлі нұсқадағы тест тапсырмаларын дайындаңыз.
– Балаңызға әр күнге дайындық тақырыбын бөлуге көмектесіңіз.
– Бір уақытта қатал әрі мейірімді болыңыз, бірақ судья рөлінде болмаңыз.
– Балаңызды қолдаңыз, оның уайымдап жүргенін түсінетініңізді көрсетіңіз.
– ҰБТ-ның алдында баланың үрейін жоғарылатпаңыз – бұл нәтиженің төмендеуіне әкелуі мүмкін.
– Баланың ҰБТ-ға дайындық режимін бақылаңыз.
– Уақытты үнемдеуге үйретіңіз.
– Тамақтануына көңіл бөліңіз: баланың ақыл-ой жұмысы уақытында нәрлі және алуан түрлі тағам қажет.
– Балаңыздың хал-жағдайын бақылаңыз, оның әбден жалығуына жол бермеңіз.
– Тестілеу алдында балаңыздың толық демалуын қамтамасыз етіңіз.
Есіңізде болсын: ең негізгісі – дұрыс ниет, баланың өз мүмкіндіктерін бағалай алуы, уақытты дұрыс бөлу және жүйелі дайындық.
Емтиханды сәтті тапсыру көбіне баланың көңіл-күйіне және соған ата-анасының қатынасына байланысты. Баланың емтиханға дұрыс дайындалуына көмектесу үшін бірнеше кеңесті орындап көріңіз:
- Балаңыздың емтиханда алатын ұпай саны сізді мазаламайтынын көрсетіңіз. Ұпай саны білімін толық көрсете алмайтынына сендіріңіз.
- Емтихан алдында балаңыздың үрейін жоғарылатпаңыз – бұл нәтиженің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Жас ерекшелігіне сәйкес бала өзінің эмоциясына ие бола алмай бірдеңе бүлдіріп қоюы мүмкін.
- Үйдегілердің ешқайсысы бөгет жасамайтындай баланың сабақ қарауына ыңғайлы орын қамтамасыз етіңіз.
- Тест тапсырмалары бойынша жаттығулар уақытында уақытты үнемдеуге және оны дұрыс бөлуге үйретіңіз.
- Емтиханға дайындық режимін бақылаңыз және шамадан артық оқуға жол бермеңіз.
- Тамақтануына көңіл бөліңіз. Балық, ірімшік, жаңғақ және тағы басқалар адам миының жұмыс істеуін жақсартады.
- Емтихан алдында балаңыздың толық демалуын қамтамасыз етіңіз, ол демалуы және ұйқысын қандыруы қажет.
- Емтиханнан кейін баланы сынамаңыз.
- ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН: негізгісі – уайымын, үрейін төмендету және баланың сабақ қарауына жағдай жасау
Есіңізде болсын, еңбастысы – баланы қобалжу мен қорқудан арылтып,оның дайындалуына қолайлы жағдай жасау.