1 қазан – Қарттар күні

«Қарты бар ел – қазыналы ел» демекші, үлкенге құрмет көрсету, өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері, тәлім-тәрбиесі бүгінгі ұрпаққа үлгі болатын қарияларымызды сыйлау, ізеттілік таныту – ата-бабаларымыздан келе жатқан салтымыз. 1 қазан күні – осы қарияларымыздың төл мерекесі деп концерттер, жиындар өткізіледі. Бұл күн кездейсоқ таңдалмаған: қарттық – бұл алтын уақыт, яғни «күз» мезгілімен теңеледі деген пікір бар, сондықтан аға ұрпаққа күз мезгілінің ортасында ерекше күн беру туралы шешім қабылданды. Қарттарын қадірлеген қазақ халқы үшін де күнтізбедегі 1 қазан – Қарттар күні деп белгіленген. Осы орайда талай жасты тәрбиелеп, өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге бола білген қарияларымызды аталмыш төл мерекесімен құттықтау мақсатында мектебіміздің «Жас Ұлан» ұйымының белсенділері мектеп оқушыларының ат-әжелерін, қарт ұстаздарымызды аталмыш мейрамымен бейне құттықтау жасап бөлісті. Саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиелеу жолында сарп қылған қарияларымызға ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, қажымас қайрат тілейміз!

Сондай-ақ оқыңыз:

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *