1-сыныпқа қабылдау 2021 жылдың 1-сәуірінде басталатындығын хабарлаймыз.

Құрметті ата-аналар (заңды тұлғалар) Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы «Қостанай қаласы білім бөлімінің №15 жалпы білім беретін мектебі» КММ”Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру оқуға ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау” қағидатына сәйкес 1 сыныпқа қабылдау  2021 жылдың 1 сәуіріне басталатындығын хабарлаймыз.

Өтінішті қабылдау :

  1. «Сакура» электронды-мектеп» арқылы өтініш бере аласыз

Бұл жүйе келесі мүмкіндіктерді ұсынады:

– балаларды 1-сыныпқа қабылдау үшін өтінішті тіркеу;

– тұрғылықты жері бойынша өз мектебінің нөмірін білу мүмкіндігі;

– мектепке барудың қажеті жоқ қашықтықтан өтініш беру және оны қарау процесін бақылау мүмкіндігі;

– келіп түскен өтініштерді қарау және растау.

Көрсетілетін қызметті алушы (не оның заңды өкілі) порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті алушының нақты тұрғылықты жерін көрсете отырып, оның өкілінің ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының біреуінің (немесе өзге де заңды өкілдерінің) өтініші;

2) туу туралы куәліктің электрондық көшірмесі (егер бала 2008 жылға дейін туса);

3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 «026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген, «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 063/у нысандағы денсаулық жағдайы туралы құжаттардың № 026/у-3 нысанындағы электрондық көшірмелері;

4) көлемі 3х4 см 2 дана баланың сандық фотосуреті.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер, баланың туу туралы куәлігі (егер бала 2008 жылдан кейін туылған болса).

      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға өтінішті тіркеу туралы электрондық өтініш беру кезінде көрсетілген ұялы нөмірге СМС – хабарлама жіберіледі. Баланы мектепке қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға баланы білім беру ұйымына қабылдау туралы СМС түрінде хабарлама келуі тиіс. Сондай – ақ «SAKURA» электрондық мектебі қызмет алушыларға «Қабылдау өтінішінің мәртебесін тексеру» бөлімінде кезек немесе бар болған жағдайда бронь нөмірі туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

         2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

                                                                             Байланыс телефоны 8-714-2-39-24-95

Сондай-ақ оқыңыз:

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *