Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы

Наурыз мейрамын мектеп оқушылар, мұғалімдері мен ата-аналар қауымы кең ауқымда атап өтті. Бастауыш сыныптарда «Бай салт-дәстүрімізді жалғастырушылар» тақырыбында салт-дәстүрлерден, Наурыз мейрамына байланысты ұғымдармен таныстыру мақсатында тәрбие сағаттары болып өтті. Шағын орталық пен мектепалды даярлық топтары алдын ала безендірілген мектептің акт залында ата-аналармен бірлескен мерекелік іс-шара ұйымдастырып өткізді. 5-11 сынып оқушылары «Ұрпақтар сабақтастығы» жобалар байқауында ұмыт болып бара жатқан ұлттық салт-дәстүр, материалдық мәдениет тақырыбындағы өзекті тақырыптарға дайындап келген жобаларын қорғап, таныстырды. Мектептің кіреберісінде «Шеберлер ауылы» көрмесі жұртшылықтың назарына ұсынылды. Мерекелік шаралар мектеп спортзалында ұлттық ойындармен жалғасты.

Сондай-ақ оқыңыз:

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *