«Қостанай қаласы әкімдінің білім бөлімінің N15 орта мектебі» ММ мектеп бітірушілерді қорытынды аттестацияға дайындығын ұйымдастыру

Қорытынды аттестаттау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына  оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі( 2019ж. 26.11 N509, 2020ж.17.04 N149) сай өткізіледі. Осы орайда «Қостанай қаласы әкімдінің білім бөлімінің N15 орта мектебі» ММ мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыстары үздіксіз жүргізіліп отырады. Ағымдағы жылы мектепті төртінші түлектер  бітіреді. Мектептің жылдық жоспарына сай биылғы оқу жылында да мектепті бітірушілерді қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыстары ұйымдастырылды. Мектепішілік бұйрық шығарылып, оқушылар мен педагогтар туралы мәліметтер жинақталды. Сонымен қатар, дайындық кестесі құрылып, қазіргі карантиндік жағдайға қарамастан , қашықтықтан дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқушылардың дайындығы тек мектепте ғана есем «Достық» орталығы мен жеке дайындау жұмыстары жүргізіліп отырады.

    N 3 педагогикалық кеңесте емтихан комиссиясы құрылып, дайындық шаралары күшейтіледі. Себебі, осы педагогикалық кеңесте оқушылардың нақты таңдау пәндері бекітіліп, кеңес беру жұмыстарының кестесі құрылады.

    Оқушылардың білім деңгейін саралап отыру үшін  тест өткізіліп отырады. Нәтижелері директордың жанындағы кеңес, үйлестіруші кеңестің талқыланып отырады.

   Сонымен қатар, мектепте үйлестіруші топ жұмыс істейді. Үйлестіруші топ оқушылардың әр саралау жұмыстарына талдау жасап, оқушылардың дайындық деңгейіне сараптама жасап отырады. Үйлестіруші топ оқу жылының бірінші жартыжылдығында саралау жұмыстарымен айналысса, екінші жартыжылдықта ата-аналармен тығыз байланыста болады.  

  2019-2020 оқу жылында мектеп бітіруші түлектер эпидемологиялық карантиндік жағдайға байланысты қорытынды аттестаттаудан өткен жоқ. Ағымдағы оқу жылында мектеп бітіруші түлектерді қорытынды аттестаттаудан өткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар жаңартылған бағдарламаға өтуімізге байланысты қорытынды аттестаттаудың да форматы өзгергенін атап айтқым келіп отыр. Ол Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына  оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі( 2019ж. 26.11 N509бұйрығының 37 тармағына енгізілген өзгерістеріне) байланысты 9 сынып білім алушыларында:

  1. ана тілі бойынша жазбаша емтихан (оқыту тілі бойынша) – жазбаша жұмыс (эссе),

      2) математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан;

      3) орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан;

      4) таңдау пәні (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) бойынша жазбаша емтихан”болады. Яғни барлық емтихандар жазбаша түрінде жүргізіледі.

Осы бұйрықтың 2020 жылдың 28тамызындағы N373  бұйрығындағы 39 бөліміне енгізілген өзгерістерге байланысты 11  сынып білім алушыларының  қорытынды аттестаттауы келесі жағдайда өткізіледі:

      1) ана тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан:

      2) алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан;

      3) Қазақстан тарихынан тестілеу;

      4) орыс тілінен тестілеу;

      5) таңдау бойынша пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері, әдебиет, шетел тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) тестілеу.”11  сынып түлектерінің емтихандары да жазбаша өтеді

   Қорыта келгенде , ағымдағы жылы оқушылардың қашықтықтан оқығанына қарамастан дайындық жұмыстар жүргізіліп, оқушылардың қорытынды аттестаттаудан сүрінбей өтіп, биылғы түлектеріміздің ішіндегі 9 сыныпта 3 үздік пен 11 сыныпта 1 үздік аттестатқа үміткеріміз үздік аттестат иегерлері болады деп ойлаймыз.

Сондай-ақ оқыңыз:

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *