Ыбырай Алтынсарин

Ыбырай Алтынсариннің

қазақтың ұлттық

 жазба әдеби тілінің дамуындағы орны

Аса көрнекті демократ-ағартушы әрі жазушы Ыбырай Ал­тынсарин (1841-1889) қазақтың ұлттық жазба әдеби тілін дамы­туда екі салада зор еңбек сіңірді: бірі – жазушылық қызметімен, екіншісі – ағартушылық қызметімен.

Қазақ халқының қалың бұқарасының сауатын ашып, көпшілікті оқу-білімге тарту – Ыбырайдың қоғамдық және азаматтық борышы мен қызметі болды. Ол өз тұсында болып отырған діни оқуды емес, азаматтық оқу-білімді қоштады және білімді калың жұртшылыққа таныс халық тілінде (ұлттық тілде) беруді шарт етіп қойды. Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды.

Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының – белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты.

Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды.

Ыбырай да, Абай сияқты, қазақтың ұлттық жазба әдеби тілінің негізі етіп жалпыхалықтық сөйлеу тілі мен қазақтың қолтума байырғы әдеби тілін қалады. Оның шығармалары – прозасы да, өлеңдері де – осы негізде жазылған.

Ыбырай – қазақ әдебиетіндегі көркем прозаның негізін са­лушы, демек көркем проза стилін бастаушы. Оның ішінде мектеп оқушыларына арнаған әңгімелер жанры болғандықтан, олардың көлемі шағын, тілі мейлінше түсінікті болуды көздеген. Ол үшін сөйлемдері қысқа болып, ауыр әшекейлі фразалары өте аз келеді.

Ыбырай Алтынсариннің қазақ тілін дамытудағы рөлі оның ағартушылық қызметімен тікелей байланысты. Ыбырайдың әдеби шығармалары, әсіресе прозалық туындылары оқу кітабы ретінде арнайы жазылған. Бұл тұста Ыбырайға екі түрлі жүкті тұңғыш рет арқалауға тура келді: бірі – қазақ әдебиетінде бұрын жоқ проза жанрын бастау, яғни қазақ әдеби тілінде бұрын болмаған шағын әңгімелер (новеллалар) стилін жаса­ды, екіншісі – өз өлеңдері мен қазақтың ауызша тараған мол көркем әдеби үлгілерін оқушы жастарға ұсыну. Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық мұражайы мәдениет жөніндегі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік комитетінің төрағасы Е. Рахмадиевтің бұйрығымен 1991 жылы 9 желтоқсанда ашылды. Оқиға ұлы ағартушы және жазушының туылғанына 150-жыл толуы қарсаңында оны құрметпен еске алу үшін орайластырылды. Арнайы мұражай үшін Қостанай қаласының бас сәулетшісі Хажымұрат Күшіковтің жобасы бойынша өз сәулетінде ұлттық бағытпен классикалық бағыт үйлесім тапқан киіз үйге ұқсас әсем ғимарат салынды. Мұражай қаланың тарихи-архитектуралық бөлігінде, Ордабай шатқалында 1884 жылы жазушы негізін қалаған дарынды балаларға арналған Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-интернат жанында орналасқан. Мұражай ғимараты екі бөліктен тұрады – біріншісі Ыбырай Алтынсарин ашқан мектептің нақты көшірмесі. Ішінде жазушының мемориалдық сыныбы мен әкімшілік кабинеттер орналасқан. Екіншісінде – киіз үй тәріздес екі қабатты ғимаратта екі стационарлық көрме «Ыбырай Алтынсарин – мұғалім-ағартушы» және «Қазақстан Республикасы халық жазушысы Мәриям Хәкімжанованың шығармашылық лабораториясы» экспозицияға қойылған. Мұражайдың жалпы алаңы – 818,1 ш.м.

Қостанай қаласы

№ 15 ОМ Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі:

Есбатыров Мереке Замирович

Сондай-ақ оқыңыз:

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *