Тал күні

«Туған жер» бағдарламасы мектебімізде….

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында халқымыздың жарқын болашағы үшін маңызды қадамдар туралы ой толғанысын білдірген. Аталмыш мақалада «Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті, мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын. Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп, «Туған елге» ұласады.» деп атап көрсеткен болатын. Елбасы осы мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. Бұл барша қазақстандықтарға түрткі боларлықтай, салмақты ой саларлықтай бастама.. Себебі, әр адам үшін «жерге шыр етіп түскенде кіндігінен қаны тамған» туып өскен жері әрқашан да ыстық. Адамзат баласының балалық шақтан қалыптасқан бойындағы сүйіспеншілік, ізгілік сезімдерін өшірмей, есейіп, өсіп-өнген кезінде туған жеріне жақсылық, игілік істер жасауға деген құлшыныстарын арттыруда септігін тигізетін Елбасымыз бастамасы «Туған жер» бағдарламасы болмақ. Туған елге деген патриоттық сезім туған жерге деген сүйіспеншіліктен бастау алады. Сондықтан елбасының үндеуін ой елегінен өткізіп, ақыл таразысына салып ел келешегі үшін дұрыс шешім, түзу жол таңдауда қателеспеуіміз керек. Осы орайда мектебімізде «Туған жер» бағдарламасын іске асыруда ұсынылған негізгі тұжырымдамалық тәсілдерге сүйене отырып, мектепте жүзеге асыру мақсатын көздейтін арнайы жоспар құрылып, бекітілді.  «Туған жер» бағдарламасының мәні ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологиялық мәселелерді шешу мен елді мекендерді абаттандыруды, елді мекендердегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіру болып табылады. Сондықтан мектепте жүргізілетін жұмыстар, іс-шараларға оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар мен еріктілерді барынша тарту мақсаты көзделіп отыр.

Мектебімізде мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндеріміз бен мектеп бітіруші түлектердің «Тал күні» жобасы бастама алды. Сондай-ақ жоспарға сәйкес «Мектеп жаңалықтары» газетіне «Туған жерін түлеткендер», «Пошта жәшігі: туған жерден хат», «Жанашыр азамат» және «Ұлы дала әуендері» айдары енгізілді. Биылғы оқу жылының басында «Кітап-білім бұлағы» базалық жобасымен таныстыру мақсатында ата-аналар жиналысын өткізіп, «Қадірлі сыйлық» кітапханаға ерікті түрде кітап сыйлау, «Буккроссинг» кітап алмасу іс-шараларына белсенді түрде қатысуға шақырамыз. Ата-аналар, еріктілер, оқушылар мен мұғалімдер қауымы жарқын болашағымыз үшін маңызды бағдарламаны құптай отырып, жүзеге асырылуына оңтайлы жағдай туғызады деген сенімдемін.

Койтбаева Зоя Абдигаппаровна
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Қостанай қаласы
№15 орта мектебі

Сондай-ақ оқыңыз:

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *