«Отбасы-бақыт мекені»

Отбасы апталығын өткізудің басты мақсаты – отбасы мәселесінің маңыздылығына, отбасы құндылығына және дәстүрлеріне қоғамның назарын аудару. Отбасы мерекесі – бұл үлкендердің және балалардың арасындағы достық, махаббат, түсіністік және өзара көмек көрсету, бір туғандар жүрегінің бірігу мерекесі. Осыған байланысты «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбында мектепте 14-21 қыркүйек аралығында отбасы күніне арналған апталық өткізілді.

Апталықтың негізгі бағыттары:

Отбасы құндылықтары мен отбасы тәрбиесін дәріптеу; Отбасының психологиялық саулығын сақтауға бағытталған профилактикалық және оңалту жұмыстарын ұйымдастыру; «Отбасы – бақыт мекені» апталығының жоспары бойынша мектебімізде қашықтықтан «Шежіре ағашы» фотоконкурсы және «Әкем, анам және мен» фотоколлаж конкурсы өтті. Фотоконкурста оқушы өз отбасының шежіре ағашын салу болатын. Әсемдеу әр оқушының қиялына қарай. Креативті және тақырыпты аша білген қатысушылар 1,2,3-орындарға ие болды. Фотоколлаж конкурсына қатысушылар отбасының мүшелерімен бірге түскен ерекше және әдемі фотосуреттерінен коллаж жасады.

Енді жеңімпаздарымызды атап кетсек:

«Шежіре ағашы» фотоконкурсы:

1-орын – Дандыбаева Бақыт;

2-орын – Өмірғали Айша;

3-орын – Тынымбай Дарын.

«Әкем, анам және мен» фотоколлаж конкурсы:

1-орын – Нуртазина Тамирис;

2-орын – Берик Айша;

3-орын – Қайратұлы Нұрмұхаммед.

Отбасы – мемлекеттің берік іргесін қалайтын да, дәстүрлерін жалғастыратын да, ұрпақ тәрбиелейтін де қастерлі ұя. Сондықтан, отбасының мызғымас беріктігі мен тұрақтылығы біздің әрқайсымыздың  қолымызда.

Аға тәлімгер: Бисекенова А.С.

Сондай-ақ оқыңыз:

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *