«Мектептегі қауіпсіздік»

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №15 орта мектебі» ММ-де  2019 жылдың 25-28 қараша күндері аралығында «Мектептегі қауіпсіздік» жедел алдын-алу іс-шаралары өткізілді. Мектеп психологы жоғары сынып оқушыларымен «Ерте жыныстық қатынастың алдын-алу» тақырыбында дөңгелек үстелдер мен тренингтер өткізді. Бастауыш сынып оқушылары «Отпен ойнама» тақырыбы бойынша суреттер салып, «Мен және мені қоршаған әлем», «Менің сүйікті мектебім» атты қолөнер заттарын жасады. Ал, жоғары сынып оқушылары «Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу» атты эсселер жазып тапсырды. Мектеп инспекторы барлық оқушылар үшін «Бейтаныс адамдармен қарым-қатынас ережелері», «Су үстіндегі қауіпсіздік» тақырыптарында лекция өткізді.

Сондай-ақ оқыңыз:

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *