«Мектепке жол» акциясы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен жыл сайын өтетін жалпы республикалық қайырымдылық «Мектепке жол» акциясы өтуде.

Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - 1.jpg


Ағымдағы жылы, бұл бастама «Ата мекенім» қоғамдық қорымен бірлесіп өткізілуде.

Акция мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу үшін көмек көрсету. Осы игі бастаманы «Ата мекенім» қоғамдық қоры да қолдауда.

«Ата мекенім» қоғамдық қорының қолдауымен «www.atamekenim.kz» порталында көмекке мұқтаж ата-аналар өз өтінімдерін қалдыра алатын «Мектепке жол» платформасы құрылды.

Өз  кезегінде демеушілер мен меценаттар ақшалай қаражатты онлайн-аудара отырып осы портал арқылы көмек көрсету бойынша өз ниеттерін жүзеге асыра алады. Бұл платформа тұрақты түрде жұмыс жасай отырып, жаңа тәсілдер арқылы көмек көрсетудің мәдениетін қалыптастыруға, оның атаулық пен ашықтықты қамтамасыз етуге септігін тигізеді.

Ата-аналардан немесе оларды алмастырушы тұлғалардан түскен өтініштер ұлттық білім беру дерекқорының мәліметтерімен салыстырылатын болады, одан кейін көмек атаулы түрде бөлінетін болады.

Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - мектеп-жол-1380x776.png


Сонымен қатар, көмек көрсетудің дәстүрлі әдістері де жалғасатын болады.

Сондай-ақ оқыңыз:

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *