«Мектепке жол» акциясы бойынша қысқы киімдердің таратылуы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі 2020 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйек аралығында күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан оқушыларға көмек көрсету үшін «Мектепке жол» республикалық акциясы ұйымдастырылды. Акция жыл сайын өткізілуде.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» – деген екен дана халық. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. Осы орайда Қостанай қаласындағы №15 орта мектепте «Мектепке жол» акциясы негізінде атқарылатын іс-шаралар жоспары  құрылып, бұйрық шығарылды. Акцияның басты мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды жаңа оқу жылына дайындау және олардың әлеуметтік себептермен мектепке бармауын болдырмау мақсатында қажетті көмек көрсету.

Осы мақсатта «Мектепке жол» акциясы бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушылар, қамқорлықтағы балаларға және мүгедектік анықтамасы бар аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларына қысқы киімдер таратылды.

Мектептің жалпы оқыту фондынан бұл қайырымдылық шарасына 949700 теңге қаржы бөлініп, жоғарыда аталған әлеуметтік төмен санаттағы 35 оқушы қысқы киімдермен  қамтамасыз етілді. Таратылған киімдерге: қысқы және күзгі курткалар, қысқы және күзгі аяқ киімдер, спорттық костюмдер болды.

Қыркүйек айында мектепке жол бойынша әлеуметтік төмен санаттағы балаларға оқу құралдары берілді. Жалпы оқыту қорынан 324174 теңге қаржы бөлініп, 82 оқушы оқу құралдарымен қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ оқыңыз:

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *