Латын әліпбиінің нұсқасына өзгеріс енгізілді

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

«Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы

№569 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, № 50-51-52, 326-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

аталған Жарлықпен бекітілген латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакция­да жазылсын.

  1. Осы Жарлық жарияланған күнінен бас­тап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2018 жылғы 19 ақпан  № 637

Сондай-ақ оқыңыз:

комментария 3

  1. Айна:

    Жаңа алфавит алдыңғысына қарағанда түсініктірек секілді.

  2. Ақмарал:

    Латын алфавитіне көшу- қазақ тілінің сауатылығы мен тілдің дамуына септігін тигізеді деп ойлаймын

  3. Алисұлтан:

    Ш әрпінің таңбалануы с әрпінен өзгергені дұрыс болды. Оқушылар ш-с әріптерін шатастырмайтын болды.

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *