«Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!»

Анықтама

«Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!»

Қазіргі уақытта қоғам ішіндегі өзекті мәселелердің бірі- зорлық-зомбылық,  әлімжеттік немесе заманауи тілде қолданылып жүрген буллинг тақырыбы болып тұр.

Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген. Ол тән азабын шектірген зорлық және жан азабын шектірген зорлық болып екіге бөлінеді. Тән азабын шектірген зорлық – адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру т.б.
Жан азабын шектірген зорлық – жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүдделерін қорғауына деген ерік-жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына әсер ету.

Әлімжеттік немесе буллинг әр түрлі мағынаны білдіруі мүмкін. Ол:

  • адамды мазақтау, қорлау, соқтығысу
  • оның ақшасын не басқа заттарын тартып алу, оларды бүлдіру
  • сол жайында өсек тарату
  • оны елемеу немесе жекелету
  • ренжітетін, жаман әзіл айтып, басқа адамдардың алдында ыңғайсыз жағдайға қою
  • ұрып-соғу, тепкілеу, итеру немесе басқаша зақым келтіру
  • қоқан-лоқы көрсету немесе қорқыту.

Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыс жүргізілді. 5-11 сынып оқушылары мен ата-аналарына видеороликтер таратылды.  Оқушылар тобына  «Әлімжеттік\Буллинг», ал ата-аналар тобына «Балаларымызды қорғайық» тақырыптарында көрсетілімге ұсынылды. Көрсетілім жұмысы қашықтықтан WhatsApp желісіндегі оқушылар мен ата-аналар чаттарына сынып жетекшілердің жәрдемімен жіберілді, сонымен қатар мектептің Instagram парақшасына жүктеу арқылы жүзеге асырылды. Чат ішінде ата-аналар да, оқушылар да өзара талқылау мен пікір алмасу жүргізді. Бұл тақырып аясындағы жұмыстар осымен тоқтамайды, жұмыс жоспары бойынша жыл ішінде жүргізіліп отыратын болады.

Сондай-ақ оқыңыз:

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *