«Жас сарбаз» әскери патриоттық клубы

«Жас сарбаз» әскери патриоттық клубы

Елбасы Н.Назарбаев 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында «Жас сарбаз»  балалар-жаөспірімдер бірлестігін құру басым бағыттардың бірі ретінде тапсырды. «Жас сарбаз» клубтарына 5-8 сынып аралығындағы денсаулығы бойынша тексеруден өткен, білім мен спортта белсенді жасөспірімдер қабылданады. «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 15 орта мектебі» ММ-сінде  жастардың бойында Отан алдындағы қасиетті парызын оятуға, өз еліне, жеріне ғана қызмет етіп қоймай, елдің болашағын тәрбиелеу мақсатында «Жас сарбаз» әскери патриоттық клубы құрылды.  Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк “Бiлiм” бағдарламасында тәрбие жүйесiн жетiлдiруге байланысты алдына қойған негiзгi мақсаты –  “қазақстандық патриотизм, азаматтық, iзгiлiк және жалпыадамзаттық құндылықтар идеяларының негiзiнде тәрбиеленушiнiң жеке тұлға ретiндегi сапалық қасиетiн қалыптастыру” – деп бүгiнгi ХХI жаһандану ғасырында ұлттық мәдениет пен өркениеттi өзара кiрiктiре отырып, жеке тұлға қалыптастыру көзделiп отыр.

Клуб ұраны: «Еліміздің  көк байрағын көтерер, Сарбазымыз ел намысын жетелер!»

Сарбаздар маршы

  Клуб әнұраны:

Сөзі: Қ.Смағұл
Әні: Қ.Сәтиев  

Қырандай түлеп ұшқан арманымыз

Біз бүгін өркен елдің сарбазымыз.

Ант алып ар алдында сапқа тұрып,

Қорғаймыз туған жердің ар-намысын.

Алға бас, қарышта, жас ұлан,

Қанаты талмайтын, жас қыран.

Жастықтың жігері бойында,

Өзендей күші бар тасыған.

Көк байрақ арайлаған нұр таңымыз,

Жігіттің сынға түскен сұлтанымыз.

Дұшпанға қатал болған, досқа берік,

Жаужүрек Бауыржанның ұрпағымыз.

Алға бас, қарышта, жас ұлан,

Қанаты талмайтын, жас қыран.

Жастықтың жігері бойында,

Өзендей күші бар тасыған.

Қара жер қаны сіңген бабалардың

Қорғауға шақырады балаларын.

Сапқа тұр, сарбаздары туған елдің,

Қиынға қайыспайтын қара нарым.

Алға бас, қарышта, жас ұлан,

Қанаты талмайтын, жас қыран.

Жастықтың жігері бойында,

Өзендей күші бар тасыған.

Сондай-ақ оқыңыз:

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *