Жаппай біліммен қамту айлығы және «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізу туралы

Қостанай облысы әкімдігінің білім бөлімінің 2017 жылғы  31 шілдедегі № 829 хатына сәйкес үкімет басшысының мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамтуды қамтамасыз ету және көп балалы және аз қамтылған отбасылар балаларына материалдық көмек көрсету жұмыстарын белсендіру туралы тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында жаппай біліммен қамту айлығы және «Қамқорлық»  қайырымдылық акциясын өткізу үшін

Б Ұ Й Ы Р А М Ы Н:

  1. 2017 жылдың 1-тамызынан 30-қыркүйек айы аралығында «Мектепке

жол»  қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып өткізілсін.(әрі қарай акция) Акциясының өткізу жоспары әзірленіп, бекітілсін. (қосымша№1)

  1. Мектепішілік акцияны ұйымдастыру комитетінің құрамы төмендегіше

бекітілсін:

Ұйымдастыру комитетінің  төрайымы: Сапанова Д.С., мектеп директоры;

Төрайым орынбасары: Койтбаева З.А. директордың  тәрбие  ісі жөніндегі  орынбасары;

Хатшы: Жаксимбекова А.Г, аға тәлімгер;

Ұйымдастыру комитетінің мүшелері:

Боранбайқызы Д., кәсіподақ комитетінің төрайымы;

Исмагулова Г.У., әлеуметтік педагог;

Байдильдина М.К., -ата-аналар комитеті;

Кожагалиева Б.З.,  физика пәнінің мұғалімі;

Султангалиева Ж.К., бастауыш сынып мұғалімі;

Нысанбаева А.Б., ағылшын тілі пәнінің мұғалімі;

Арсаева Ж. А., қазақ тілі пәнінің мұғалімі:

  1. Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің құқығын қорғаушы мектептің әлеуметтік педагогы Исмагулова Г.У. мектеп инспекторы Сарсенова М.А., сынып жетекшілерімен, ата-аналар комитетінің төрайымымен бірлесіп,  «қатерлі топ» құрамына жататын оқушыларды, сабақты себепсіз қалдыратындарды, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды, Республиканың өзге өңірлерінен көшіп келген отбасылардың балаларын  және сабақты себепсізден-себепсіз жүйелі түрде қалдыратын оқушыларды анықтау үшін арнайы  рейдтер жүргізсін.
  2. Жүргізілген рейдтердің нәтижесінде «қатерлі топ» категориясына жататын  оқушылардың  және әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушылардың тізімі жасалып, атаулы көмек көрсетілсін,  мектепке келулері қамтамасыз етілсін.
  3. Себепсіз оқуға қатыспайтын оқушыларға жауапты тұлғалар (заңсыз түрде бала еңбегін пайдаланушы жұмыс берушілер, баласын мектепке бергісі келмейтін ата-аналар, оқушылардың себепсіз сабақ қалдырғанын жасыратын сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері) жауапкершілікке тартылып,  іс-шаралар қолданылсын.
  4. Акцияның қорытындысы мектептің педагогикалық кеңесінде қарастырылсын.
  5. Акцияның өткізілу барысы туралы «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ-не арнайы ақпарат тапсырылсын. (жауапты: Исмагулова Г.У.)
  6. Акцияның өткізілу барысы туралы мектептің «Мектеп тынысы»   үнпарақ баспасында кеңінен мәлімет берілсін, ата-аналар жиналысында әлеуметтік педагог Исмагулова Г.У. баяндама жасасын.
  7. Аталған бұйрықтың орындалуын  қадағалауды өзіме қалдырамын.

 

Мектеп директоры:                    Д.С.Сапанова