Емтихан кезінде және емтиханнан кейінгі қылықтар туралы ұсыныстар

Емтихан кезінде және емтиханнан кейінгі қылықтар туралы ұсыныстар

  1. Емтиханға бір күн қалғанда еш нәрсемен айналыспа. Егер сен бір нәрселерді жаттап үлгермесең, солай қоя сал, жаттама. Демал, көңіліңді көтер, емтихан жөнінде ұмыт.
  2. Емтихан алдында жақсылап демалып ал.
  3. Міне, сен кабинеттің жанындасың. Тыныштал! «Мен тынышпын» деп бірнеше рет қайтала. Бірінші қатарда жауап беруге тырыс. Егер кірмей көп уайымдап тұрсаң, қорқыныш сезімі жоғарлап, қобалжисың, өзіңе сенімсіздік туындайды.
  4. Ойларыңды жинақтап, эмоцияларыңды ретте.
  5. Сыныпқа «Барлығы жақсы болады» деген сеніммен кір.
  6. Жақсылап отырып, арқаңды тік ұста. Өзіңді барлығынан жоғары деп сана. «Менде барлығы жақсы» деген пікірді ұстап, оны асықпай бірнеше рет қайтала. Соңынан қолыңды жұдырықтап қатты қыс.
  7. Қобалжуды жеңетін тыныс жолдарына арналған жаттығулар жаса:

–         Жайлы отыр.

–         Мұрын арқылы терең дем алу (4-6 секунд).

–         Дем алуды тоқтатып (2-3 секунд).

  1. Тестілеу кезінде қажетсіз сұрақ қоймау үшін, зейін қойып тыңда. Саған бланкті қалай толтыру, қандай әріппен жазу, мектеп нөмірін қалай кодтау керек екенін түсіндіреді.
  2. Жан-жағына көңіл аудармай, зейін тұрақтылығына тырыс. Сен үшін тек тесті орындау уақыты және тапсырма берілген бланк маңызды. Тапсырманы соңына дейін оқы. Тапсырманы бірінші сөздерінен түсінікті деп ойлап қалып, аяғын өзім ойлап табам деп асығысқа жол берме.
  3. Өзің сенімді сұрақтарға жауап беруден баста. Сонда сен жұмыс жасауға дайын боласын. Кез-келген сұраққа сен жауап бере аласың, тек сен ойларыңды жинақта.
  4. Келесі тапсырмаға көшкенде, алдыңғы тапсырманы ұмыт, олар бір-біріне ұқсамайды.
  5. Шегеру әдісін пайдалан! Сәйкес келмейтін жауаптарды ретімен сызып таста.
  6. Егер сен жауап беруде күмәндансаң, өзіңнің интуицияңа сен!
  7. Өз жұмысыңды тексеріп шығуға уақыт қалдыр. Қателерді байқау үшін көзіңмен жүгіртіп өт.
  8. Барлық тапсырманы орындауға тырыс.