Мектеп туралы


«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №15 орта мектебі» ММ директоры
Мирамова Жумабике Жумабековна

Қымбатты ата-аналар қауымы!

Ұстаздар ұжымы!

Сүйікті біздің оқушыларымыз!

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №15 орта мектебі» ММ ресми сайты сіздер үшін құрылды.

Біздің мектеп сайтын құрғандағы мақсатымыз сіздермен үнемі тікелей байланыста болғымыз келеді.

Біздің мектеп 2015 жылы ашылды және абыроймен алда келе жатқан қазақ мектебі екенін мақтаныш тұтамыз.

Сіздер сайт ішінен мектеп өмірі туралы көптеген пайдалы ақпараттарды таба аласыздар және өздеріңіз де ақпараттар мен құттықтаулармен бірге, сұрақтарыңызды да жолдай аласыздар. Сонымен қатар мектеп өмірінде болып жатқан оқиғалар мен өткізілген іс-шаралар туралы да мағлұмат ала аласыздар.

Мектеп әкімішілігі тарапынан мектеп директоры мен орынбасарлары өздерінің қызметтік міндеттері ретінде сіздердің пікірлеріңізге, сұрақтарыңызға, ұсыныстарыңызға көңіл бөлеміз! Және сіздерге уақытылы жауап беруге тырысамыз!

Сіздер де өз жетістіктеріңізбен, жаңалықтарыңызбен бөлісе аласыздар!

Мектептің педагогикалық ұжымы алдарындағы мақсаттар мен міндеттерін Қазақстан Республикасы болашақ азаматтарын тәрбиелеу, білім беру екенін жақсы түсінеді. Адами құндылықтар сана мен дүниетанымды тірек етіп балалардың сауаттылығын қалыптастыру, өзін-өзі жетілдіру үшін жауапкершілігін дамыту, алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге үйрену сияқты күрделі тапсырмаларды бірлескен ынтымақтастықта, бірлікте, түсіністікте орындай алатынымызға сенеді!

Тек қана осы аталған үштіктің ұстаз – ата-ана – оқушы бірлігі сайт мағынасын ашуға жеткізеді деп сенеміз!!!

Мұғалімдердің жоғары біліктілігі мен оқушылардың білімге деген құштарлығы – ата-ананың балаға деген қамқорлығы мектеп табысының құпиясы болып табылады!

Ендеше құпия кілті қолымызда.