Баланың шағын орталыққа бейімделуі кезінде ата-аналарға психологиялық кеңес


Баланың шағын орталыққа бейімделуі кезінде ата-аналарға психологиялық кеңес

Психологтің кеңесі:

– Баланы шағын орталыққа апармас бұрын, оның өзге балалармен көбірек араласуына мән беріңіз. Балалар саябағына, ойын алаңдарына жиі ертіп барып тұрғаныңыз абзал. Құмда ойнауға, әткеншекте ұшуға үйретіңіз;

– Балаңыз баратын топтың тәрбиешісімен алдын ала танысып алыңыз. Баланың бойындағы жеке ерекшеліктерінен хабардар етіңіз;

– Балабақшаның тамақтану ас мәзірімен танысып, баланың үйдегі тамақтануына шағын орталықтағы  ішетін тамақтар түрін қосыңыз;

– Баланың үйдегі жағдайда өзіне-өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, дәретке сұрану т.б;

– Баланы ауладағы өзімен құрдас балалармен көбірек ойнатыңыз, жолдастарына қонаққа барсын, әжесінде қонуға қалсын.4

– Баламен жағымды эмоционалдық жағдайлар жасау қажет, ол көбіне ата-ана жағынан болуы қажет. Шағын орталық туралы, оның өзіне керектігін түсіндіріп, балаңызды сүйіп, аймалап, жиі оған өз мейріміңізді көрсетіңіз.

– Бірінші күні шағын орталыққа серуенге келген дұрыс: тәрбиешімен танысып, жаңа достар табу үшін.

– Бейімделу кезінде үйде демалыс күндері баламен көп шұғылдану керек.

– Шағын орталыққа бала тек ауырмай келуі қажет.

ЕГЕР ДЕ БАЛАҢЫЗ ЖОҒАРЫДА АЙТЫЛҒАН МАШЫҚТАРДЫҢ БӘРІНЕ ӘДЕТТЕНГЕН БОЛСА, ОНДА ОЛ ШАҒЫН ОРТАЛЫҚҚА БАРУҒА ТОЛЫҒЫМЕН ДАЙЫН. ДЕГЕНМЕН ДЕ, БАЛАНЫ ШАҒЫН ОРТАЛЫҚҚА ДАЙЫНДАУҒА КӨБІРЕК УАҚЫТ БӨЛСЕҢІЗ, ОНЫҢ ЖАҢА ӨМІРГЕ БЕЙІМДЕЛУІ ОҢАЙ БОЛМАҚ.