Пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында орта білім беру ұйымдарында қашықтықтан білім беру технологиялары негізінде оқу процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар.

Орта білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие
процесіне қатысушылардың қызметі

31. Сынып жетекшісі:

ата-аналарды (заңды өкілдерді) қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы оқыту процесі туралы, кестедегі өзгерістер туралы, білім алушыларға кері байланыс беру туралы, оқу барысы мен оқу нәтижелері туралы, білім алушылардың өзіндік жұмысы үшін жағдай жасау қажеттілігі туралы хабардар етеді;

электрондық журналдар мен күнделіктер жүйесінде білім алушылар мен олардың ата-аналарының сұхбаттарын, форумдарын жасайды және kundelik.kz, bilimal.kz, mektep.edu.kz сондай-ақ, Whatsapp, Telegram және т. б. пайдаланады;

білім алушылармен және олардың ата-аналарымен (заңды өкілдермен) күнделікті байланысты жүзеге асырады;

жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мектеп әкімшілігін хабардар етеді;

пән мұғалімдеріне, педагог-психологқа өз сыныбындағы білім алушылардың байланыс мәліметтері бар (үй телефоны, ұялы телефон нөмірі, электрондық пошта) тізімін ұсынады;

өз сыныбындағы білім алушылардың электрондық күнделіктерінің және электрондық пошталарының тіркелуін қамтамасыз етеді.

32.Пән мұғалімі:

электрондық журналдарда және күнделіктерде күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды реттейді;

веб-сайттарға, электрондық кітапханаларға және т. б. сілтемелерді қолдана отырып, оқу материалдарын жоспарлау мен құрылымдауды уақытында жүзеге асырады;

жүргізілетін жұмыс түрлерін басшының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен келіседі;

жұмыстың оңтайлы және әртүрлі түрлерін (бейне сабақтар, өзіндік жұмыс, онлайн-курстар, чат-сабақтар, веб-сабақтар, телеконференциялар мен форумдар және т.б.), қолжетімді ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (скайп, телесабақ, электрондық пошта, WhatsApp және Telegram чат, Zoom, Moodle және т. б.) қолданады;

электрондық журналдар мен күнделіктерді пайдалана отырып, жүргізілетін жұмыс түрлері туралы ақпаратты білім алушыларға, олардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) дер кезінде жеткізеді;

бекітілген оқу кестесіне сәйкес сабақ өткізеді;

білім алушының өзіндік жұмысына бақылау жасайды, кері байланыс жүргізеді;

үй тапсырмасы көлемінің нормаларына сәйкес үй тапсырмасын ұсынады;

мұғалім мен оқушы үшін қолжетімді кез келген тәсілмен (электрондық журналдар мен күнделіктер, месенджерлер, бұлтты технологиялар және т. б.) сабақта орындалған тапсырмаларды жинауды жүзеге асырады;

білім алушыларға, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға жеке консультациялар өткізеді;

мұғалім мен оқушы үшін қол жетімді кез келген тәсілмен (электрондық журналдар мен күнделіктер, WhatsApp чаттар, ұялы және стационарлық телефон байланысы арқылы немесе интернет болмаған жағдайда әкімшілікпен анықталған педагогтер, пошта байланысы операторлары арқылы) сабаққа орындалған тапсырмаларды жинауды жүзеге асырады;

жүргізілген жұмыс пен және оның нәтижелері бойынша әкімшілікті хабардар етеді.

33. Пән мұғалімі электронды журналдың платформасында келесі бөлімдерді уақытында толтырады:

әр ТД-телесабақтан/аудиосабақтан/вебинардан/өз сабағынан кейін үй тапсырмасы (оқулықтан тапсырмалар және ресурстарға сілтемелер);

тапсырмаларды орындау бойынша ұсыныстарымен файлдарды бекіту;

үй тапсырмасын орындау бойынша кері байланыс, сабаққа түсініктемежиынтық жұмыстардың нәтижелерін толтыру (бар болса);

білім алушы бейне конференцияда болмаған немесе электрондық журнал платформасында белгіленген мерзімде тапсырманы орындамаған жағдайда сабақ рұқсаттамасын қою.

34. Мұғалімдер оқу пәндері, оның ішінде бағалау «есептелінді»/«есептелінбеді»  түрінде өткізілетін және оқу пәндері теледидарда көрсетілетін пәндер тізбесіне енбеген пәндер (Дене шынықтыру, Өзін-өзі тану, Көркем еңбек, Музыка, Бастапқы әскери және технологиялық дайындық, Кәсіпкерлік және бизнес негіздері, Графика және жобалау)  бойынша бейнеконтент әзірлейді және сабақтарды қашықтықтан жүргізеді:

білім алушылардың үйде орындауы үшін физикалық және саптық жаттығулар кешенін әзірлейді (Дене шынықтыру, Алғашқы әскери және технологиялық дайындық);

қолөнер бұйымдарын, макеттер және т. б. жасау бойынша нұсқаулықтар әзірлейді (Көркем еңбек, Графика және жобалау);

жобалық жұмыстар бойынша ұсыныстар (Өзін-өзі тану, Кәсіпкерлік және бизнес негіздері);

тыңдайтын музыкалық шығармалардың тізімін ұсынады (Музыка);

онлайн режимінде тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;

онлайн сабақтар мен іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге әдістемелік көмек көрсетеді.

35. Жалпы білім беретін мектептердің мектепалды сыныптарының педагогтері негізгі пәндер (Сауат ашу негіздері, Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру, Қоршаған ортамен танысу) бойынша қашықтықтан сабақтар жүргізеді.

36. «Өзін-өзі тану» пәнінің  педагогтері сабақтарды өткізу кезінде “Бөбек” орталығының http://school ескерту. ozin-ozi-tanu.kz/  сілтемелерінде орналасқан ұсыныстарды басшылыққа ала алады.

37. «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейлерінде қашықтықтан оқытуды жүргізу үшін EduPage білім беру платформасы қолданылатын болады.

38.Білім алушы:

қолжетімді байланыс құралдары арқылы онлайн-сабақтардың кестесімен, тақырыптарымен, мазмұнымен танысады;

күн сайын кестеге сәйкес ТД-телесабақтарының трансляциясын, сондай-ақ пән мұғалімі көрсеткен барлық қолжетімді электрондық платформаларды қарауға міндетті;

күнделікті тапсырмаларды өз бетінше,соның ішінде орта білім беру ұйымдары белгілеген қолжетімді байланыс құралдарын пайдалану арқылы орындайды;

сынып жетекшісімен және пән мұғалімдерімен күнделікті байланыста болады;

пән мұғалімінің түсініктемесінен кейін қателермен жұмыс жасайды;

өзіндік дайындалуға арналған оқу материалдарын алу үшін күн сайын электронды күнделікте жеке кабинетке, электронды поштаға және басқа да байланыс жүйелері мен технологияларына кіреді;

 күнделікті орындалған тапсырмаларды педагогке қолжетімді байланыс құралдары (электронды  күнделік, электрондық пошта, Whatsappчаттар және т. б. интернет, байланыс болмаған жағдайда – педагог, мектеп әкімшілігін анықтау бойынша пошта байланысының операторы арқылы), сканерлеу (немесе фото) түрінде педагогтердің талаптарына сәйкес ұсынады;

 оқу тапсырмаларын орындау кезінде академиялық адалдық ережелерін және өзін-өзі бақылау қағидаларын сақтайды;

қосымша электрондық білім беру ресурстарын пайдаланады.

39. Білім алушылардың ата-аналары (заңды өкілдері):

оқу үшін жағдай жасайды;

жұмыс кестесімен, сабақ кестесімен, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру процесімен танысады;

білім алушылардың үй тапсырмаларын орындауын бақылауды жүзеге асырады;

сынып жетекшісімен және пән мұғалімдерімен байланыста болады.

40. Аудандық, қалалық және облыстық әдістемелік кабинеттердің/орталықтардың әдіскерлері мектеп директорларымен, директордың оқу, ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарларымен, педагогтрмен кері байланыс арқылы қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып, оқыту процесіне тұрақты мониторинг жүргізеді. Әдістемелік көмек көрсету мақсатында әдіскерлер видеокоучингтер ұйымдастырады, қашықтықтан оқыту аясында педагогтрге арналған онлайн-курстар өткізеді.

Сондай-ақ оқыңыз:

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *